
Жаңа басшыны аудан активіне Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл лауазымға ауданның тумасы Маңғұтов Азамат тағайындалды.
Аймақ басшысы жаңа тағайындалған әкімге бірінші кезектегі міндеттерді жүктеді. Ең алдымен ол ауданның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын жақсартумен айналысуы тиіс. Сондай-ақ, облыс әкімі Азамат Маңғұтовке мемлекеттік органдардың жер учаскелерін беру бойынша жұмысын тәртіпке келтіруді тапсырды. Сонымен бірге, аудан әкіміне жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде, жастарға арналған жұмыс орындарын құру міндеті жүктелді.
Азамат Маңғұтов 1986 жылы Тілеубай ауылында дүниеге келген. 2007 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған. Екінші жоғары білім туралы дипломын 2020 жылы Павлодар педагогикалық университетінде "Дене шынықтыру және спорт мұғалімі" мамандығы бойынша алды.
Еңбек жолын 2010 жылы Павлодар облысы Качир ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және және спорт бөлімінің бас маманы ретінде бастады.
2013-2019 жылдар аралығында Ивановска ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді. Жаңа тағайындауға дейін аудан орталығы - Тереңкөл ауылын басқарды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев