Павлодарда жастардың негізгі мәселелерін шешу жолдары ұсынылды

Павлодарда жастардың негізгі мәселелерін шешу жолдары ұсынылды

Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығында стратегиялық сессия өтті, оның барысында NEET жастарының проблемалары мен оларды шешу жолдары талқыланды. Белсенді жастар, шығармашыл жастар, студенттер мен мектеп оқушылары идея генераторы болды. Өз ойларымен пікір-таласқа аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов та қатысты.

 

Ең алдымен, стратегиялық сессия модераторлары алты негізгі бағытты анықтады, онда «осал тұстарын» анықтау және олардың әрқайсысының шешімін табу ұсынылды. Бірнеше топтардың құрамында жастар баспанамен қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, бос уақытын ұйымдастыру, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және патриоттық тәрбие беру туралы өз ойларын ортаға салды. Талқылауға қатысушыларға мемлекеттік органдардың, екінші деңгейлі банктердің және даму институттарының өкілдері қатысқан сарапшылар өз кеңестерімен көмектесті.

 

– Жаңа Қазақстанды құрғымыз келсе, онда жастардың талап-тілегі мен сұранысын шешуіміз керек, – деді аймақ басшысы. - Жастар саясаты - бүгінгі күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Бұл саланы дамытуға мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда және қазір бұл шаралардың тиімділік бағыты бірінші орында тұр. Ал бұл сұраққа бүгінгі таңда жастардың өздері ғана жауап бере алады.

 

Төрт сағаттық брейнсторминг нәтижесінде бірқатар идеялар пайда болды, оларды егжей-тегжейлі пысықтағаннан кейін Павлодар облысының басшылығы қызметке алуға уәде берді. Солардың бірі - жастар саясатындағы реформалар жөніндегі үйлестіру кеңесін құру. Сонымен қатар, стратегиялық сессияда өңірде бұқаралық спорт түрлерін дамыту орталығын ұйымдастыруды және жастарға ғана берілетін әлеуметтік тұрғын үй "Жастар" шағын ауданын салуды ұсынды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев