«Достық» шағын ауданындағы мердігерлер құрылыс сапасының бірдей стандарттарын ұстанатын болады

«Достық» шағын ауданындағы мердігерлер құрылыс сапасының бірдей стандарттарын ұстанатын болады

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жаңа шағын ауданның құрылыс алаңдарында болып, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылысының стандарттарын біріздендіру керектігі туралы мәлімдеді.

 

Өңір басшысы бірнеше учаскедегі тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты. Қала әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, бүгінде «Достықта» 431 пәтерлік алты жаңа үй пайдалануға берілген. Бүгінде шағын ауданда бірден тоғыз көпқабатты тұрғын үй салынуда. Биыл тағы бес үйдің құрылысын бастау жоспарда бар.

 

– Барлығы «Достық» шағын ауданда сегіз мыңға жуық пәтерді тапсырып, 20-25 мың қалалықтарды баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда, – деді әкім. - Тұрғын үйден басқа шағын ауданда қажетті әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы қарастырылған: әрқайсысы 1200 орындық екі балабақша, 2000 орындық екі мектеп, медициналық, спорттық мекемелер мен рекреациялық аймақтар.

 

Жаңа тұрғын үй салу кезінде мердігерлер кедергісіз орта құруға мән береді. Көпқабатты үйлердің кіреберістері пандустармен жабдықталады, ал жаңа ғимараттардың ішіндегі табалдырықтар кеңейеді. Құрылысшылар ата-аналардың да мүдделерін ескереді. Мысалы, салынып жатқан үйлердің бірінде қоларбаларды орналастыруға арналған бөлме қарастырылған.

 

Құрылыс алаңдарын аралай отырып, Әбілқайыр Сқақов мердігерлердің назарын салынып жатқан тұрғын үй стандарттарын біріздендіру қажеттігіне аударды. Оның айтуынша, барлық көпқабатты үйлерді әртүрлі мердігерлер салса да, баспана иелері бірдей сападағы пәтерде тұруы қажет.

 

- Баспана - бұл ең маңызды мәселе, сондықтан оның сапасына қойылатын барлық талаптарды сақтау қажет.- деп атап өтті аймақ басшысы. – Барлық салынып жатқан пәтерлер тұрғындардың ойынан шығу керек. Бір ғимаратта жақсы пәтерлер, ал екіншісінде нашар пәтерлер болмас үшін біз барлық мердігерлеріміз үшін олардың құрылысының стандарттарын бір жүйеге келтіруіміз керек. Бұл тұрғын үйдің ішкі безендірілуіне ғана емес, сонымен қатар ауласын абаттандыруға да қатысты.

 

«Достық» шағын ауданының ауқымы 95 гектарды құрайды. Тұрғын үйлер үш кезең бойынша салынып жатыр. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Екінші және үшінші кезеңдерді жүзеге асыруды бастау үшін билік 500-ден астам саяжайды мемлекет меншігіне

өткізуі керек. Қазір қалалық әкімдікте оларды кейіннен сатып алу үшін бағалаумен айналысуда. Облыс әкімі қазірдің өзінде барлық жаңа шағын ауданды жылыту үшін қолда бар жылумен жабдықтау инфрақұрылымы жеткілікті ме, жоқ па, соны бағалау қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ол болашақ «Достық» тұрғындарының мүддесі үшін қазіргі қолданып жүрген тұтынушылар зардап шекпеуі керектігін еске салды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев