Павлодар облысының Денсаулық сақтау жүйесінде емханалар жұмысын қайта форматтау басым бағыт болып қала береді

Павлодар облысының Денсаулық сақтау жүйесінде емханалар жұмысын қайта форматтау басым бағыт болып қала береді

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодардың бірнеше медициналық ұйымдарына барып, медицина қызметкерлерінің жетістіктері мен кемшіліктерін атап өтті.

 

Облыс әкімі жұмыс сапарын соңғы уақытта медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түсіп жатқан №4 емханадан бастады. Мұнда электронды кезек жүйесі енгізілді, осыған орай күніне 150-200 науқасқа қызмет көрсетіледі, ал қызу күндері 500-ге дейін жетеді. Сонымен қатар, келушілерге ыңғайлы болу үшін медициналық мекемеде цифрлық посттар іске қосылды. Мұнда сіз емханаға тіркеліп, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді біліп, медициналық сақтандыруды төлей аласыз. Сондай-ақ емханаға жазылусыз жүгінген науқастарды алғашқы тексеруден өткізу үшін дәрігерге дейінгі кабинет жұмыс істейді. Бұл дәрігерлердің жүгін жеңілдетеді.

 

Тағы бір жаңалық, медбике лауазымы дәрігерлердің мойнынан екінші дәрежелі міндеттерді алып тастауға арналған. Емхананың бас дәрігері Арман Отарбеков айтқандай, барлық медбикелердің міндеті - пациенттерге жолдама беру, еңбекке жарамсыздық парақтарын, анықтамаларды, рецептілерді беру.

 

- Сіздер дәрігердің жұмысын жеңілдете отыра, оларға науқастармен көбірек уақыт бөлуіне мумкіншілік беріп отырсыздар: диспансерлік есепте тұрған пациенттерге, скринингке және кәсіби тексеруге көбірек уақытын жұмсауы маңызды, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Олардың уақыттары бос болып, пациенттердің бірдей барлығына қызмет етуі мүмкін емес. Көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсаруы тиіс.

 

Жаңа енгізілімдерге қарамастан, емхананың пациенттері өңір басшысына дәрігерге кей кезде кезекте 40 минуттан 1 сағатқа дейін күтуге тура келеді деп шағымданды. Кардиограмма жасау үшін дәлізде шамамен 10-15 адам отырып қаламыз. Әкім пациенттер ағынын қайта бөлуді және қажет болған жағдайда емханадағы кардиографтардың санын көбейтуді талап етті.

 

- Медициналық мекеменің басшылығы адамдар кезекте тұрған кезде кабинеттерде жәй отырмауы керек, - деді ол. – Осындай келеңсіздіктен шығудың жолын іздеу керек.

 

Әбілқайыр Сқақовқа № 1 емхананың жағдаят орталығымен таныстырылды. Бас дəрігер Алтай Төребаевтың айтуынша, мұнда Almamed ақпараттық жүйесі енгізілген, онымен бес маман жұмыс істейді. Олардың қашықтан бақылауында бірден 411 пациент бар. Күн сайын дәрігерлер 1 мыңға дейін адамды шақырады.

 

Белгілі болғандай, №1 емханада Павлодардағы ең жоғары қызметкерлер штаты бар - шамамен 100%. Тұрғын үй сатып алуға 1 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін көтерме және несие беру арқылы жас мамандарды тарту мүмкін болды. Сонымен қатар, бірінші жыл ішінде барлық жаңа медицина қызметкерлеріне тұрғын үй жалдау ақысының 50% өтемақысы төленетін болады.

 

Өңір басшысы, сондай-ақ, "Алмаз" медициналық тобының емханасында болды. Мұнда әкімге ақпараттық-анықтамалық қызметтің, дәрігерге дейінгі кабинеттің, колл-орталық пен екпе кабинетінің жұмысы көрсетілді. Әбілқайыр Сқақов емхананың балалар бөлімшесінің ғимаратында да болды, мұнда дәрігерлердің айтуынша, Кеңес заманынан бері ғимарат жөндеуден өтпеген. Аймақ басшысы ғимаратты жақын арада жаңғырту қажеттігін айтты.

 

Әкім Павлодар облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруға үлкен мән берілетінін еске салды. Сондықтан емханалар тезірек сервистік модельге көшуі және шын мәнінде клиентке бағдарланған болуы тиіс.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев