
«Ertis Promenade» концерттік маусымы осы жылы 1-ші маусым күні басталды. Орталық жағалаудағы сахнада кешқұрым мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Концертте Павлодар облысынан шыққан белгілі эстрада жұлдыздары Меруерт Түсіпбаева, Роза Мұқатаева және Ринат Малцагов өнер көрсетті. Сіздердің назарларыңызға концерттен шағын фоторепортаж ұсынамыз.





