
Ұлттық Ұланның құрылғанына бір жыл толуына орай 6679 әскери бөлімінде жақында болған төтенше жағдай режимі кезінде жұмыста ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттады.
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ұлттық ұланның сарбаздарын мерекемен құттықтады. Әскери бөлімде өңір басшысына әскери қызметшілердің бүгінгі қару-жарағы мен киім-кешегі көрсетілді. Сонымен қатар, Ұлттық гвардияның жергілікті бөлімшелерінің бірі - 5512 әскери бөлімі - биыл жедел мақсаттағы полк болып қайта құру туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.
Салтанатты рәсімді аша отырып, облыс әкімі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде құқықтық тәртіпті қорғауға қатысқан барлық жеке құрамға алғыс айтты. Ол Ұлттық ұлан сарбаздарының жауынгерлік әзірлігінің, төзімділігі мен батылдығының жоғары деңгейде екендігін атап өтті.
- Нағыз патриоттар ретінде сендер өңірде қоғамдық тәртіпті орнату жөніндегі міндетке ерекше жауапкершілікпен қарадыңдар, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Облыс тұрғындарының атынан Отанға қызмет еткендерің үшін шын жүректен алғыс айтамын! Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық аумағында Ұлттық ұлан саны мен сапа жағынан нығайып келеді. Біз осы жоспарларды іске асыру және әскери қызметшілердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз.
Өңір басшысының атынан Ұлттық гвардияның әрбір бөлімшелерінің жеке құрамының 13 өкілі алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, әскери қызметшілерге ведомстволық наградаларды "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы басшысының орынбасары Еркен Жаңабергенов пен облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров табыс етті. Сондай-ақ, Ұлттық ұлан жауынгерлері үшін арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото Валерий Бугаев