
«Крещение» мейрамында облыстың барлық тұрғындарына су айдындарына суға түсуге тыйым салынады. Ол туралы 17 қаңтарда өңірлік коммуникация орталығының Zoom алаңында Павлодар облысының дін істері басқармасының басшысы Закарьянов Даулет айтты.
Санитарлық дәрігердің 2022 жылғы 15 қаңтардағы Қаулысының 3 тармағына сәйкес, «Крещение» мейрамында суға түсуге рұқсат етілмейді.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Батырқұлов Мейрамбек 2022 жылғы 18-19 қаңтар аралығында, азаматтардың жарақаттануы мен қаза болуын алдын алу мақсатында, рұқсат етілмеген жерлерде суға түсу кезінде жергілікті атқарушы органдарымен және полициия қызметкерлерімен бірге құтқарушылар, апаттар медицина орталығының қызметкерлерімен патрульдеуді, рейдтерді жүзеге асыратынын айтты.
Облыс бойынша жалпы Департаменттің жеке құрамынан 90 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылатын болады.
Сонымен қоса, спикер азаматтарға қыс мезгілінде су айдындарындағы судағы қауіпсіздік шараларын еске салды.
Павлодар облысы ТЖД