Павлодар облысындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып қалды

Павлодар облысындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып қалды

Өңірде сағат 23.00-ден 07.00-ге дейінгі комендант сағаты жарияланған төтенше жағдай режимі 19-қаңтарға дейін әрекет етеді. Қазіргі кезде барлық елді мекендердегі жағдай биліктің бақылауында. Бұл туралы брифинг кезінде Павлодар облысы әкімдігінің өкілдері хабарлады.

 

Интернет жұмысындағы шектеулерге байланысты күн сайын Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында мемлекеттік органдар мен тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да құрылымдары өкілдерінің қатысуымен брифингтер өтеді. 10 қаңтарда өткен кездесуде өңірде жедел әрекет ету орталығы жұмыс істейтіні хабарланды. Орталыққа келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: +7(7182) 628769, 651313, 651319, 620057, 651300, 651320, 651314, 651315, 651298, 621010, 620049, 620909. Соңғы күндері орталықта қоғамдық көліктің жұмысына байланысты көптеген қоңыраулар қабылданды.

 

- Павлодарда 33 қалаішілік автобус маршруты жұмыс істейді, олардың жұмыс істеу мерзімі 07:00 - ден 20:00-ге дейін, - деп хабарлады жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкиров. - Облысішілік және халықаралық рейстер уақытша жабылды. Сонымен қатар, теміржол қатынасы 13 бағыт бойынша жұмыс істейді. Павлодар әуежайы Омбы бағыты бойынша ұшақтарды жөнелтуді жалғастыруда. Рейс әр сейсенбі сайын орындалады.

 

Сондай-ақ, брифинг барысында Павлодар облысында сауда үйлері мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс тәртібі бойынша ұсыныстар әзірленіп жатқандығы хабарланды. Павлодар қаласының орталық алаңы ауданындағы барлық сауда нүктелеріне 11-қаңтардан бастап жұмыс істеуге рұқсат етілді. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне келетін болсақ, өңір тұрғындарына берілетін зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдер үшін қажетті қаржыландыру екінші деңгейлі банктерге келіп түседі.

 

- Жұмыс істеп тұрған атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін оны тағайындау автоматты түрде осы жылдың I тоқсанына ұзартылады, - деп хабарлады жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова. - Егер жаңадан тағайындалған жәрдемақы туралы айтатын болсақ, онда құжаттарды қабылдау eGov порталы арқылы күнделікті, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша қағаз нұсқада жүргізіледі. Қаңтар айыың төлемдер 10-ақпанға дейін жүргізіледі.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы көтерілетін болса, тұрғындар Жедел әрекет ету орталығына хабарласуына болады. 11-қаңтардан бастап Павлодар облысында дүкендер мен базарлардағы азық-түлік бағасын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын жүйеге қоюға уәде берілді.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Константин Шелков