«Cyber Cup II» сайысы Павлодар облысының креативті индустриясын дамыту шеңберінде өтті. Сайысқа 500-ен астам киберспортшы қатысты.
Турнир Торайғыров университетінің базасында ашылған ІТ-мектептің базасында өтті. Жарыс төрт ойын түрі: FIFA 22 футбол симуляторы, шынайы уақыт кезеңіндегі Dota 2 стратегиясы, сонымен бірге, PUBG Mobile және CS:GO желілік шутерлері бойынша өтті. «Cyber Cup II»-ің маңызды матчтері тікелей эфирінде өтіп, кез келген адам киберспортшылардың әрекетін бақылай алды. Турнидің жеңімпаздарын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов құттықтады. Марапаттау рәсімі кезінде ол өзі де компьютерлік ойындарды, оның ішінде FIFA, WarCraft және Counter-Strike ойнағанды ұнататынын айтты.
- Павлодар облысында киберспорт жақсы дамып келеді, ең бастысы, жастардың бұл үдеріске қатысуы, - деді аймақ басшысының орынбасары. – Киберспорт олимпиадалық бағдарламаға қосылған кезде павлодарлықтар міндетті түрде бұл спорт түрінен еліміздің намысын қорғайды деп үміттенемін. Бұл ерте ме, кеш пе іске асады.
FIFA 22 бойынша сайыста Тимур Рақышев жеңіске жетті. Dota 2-ен сынға түскен топтардың арасында Дамир Рамазан, Қуаныш Әшімханов, Алмас Егеубай, Асыхан Уахитов және Виктор Кудряшовтан тұратын «Добрый бобр» командасы бірінші орынды жеңіп алды. PUBG Mobile бойынша Темірлан Дүйсенбаев, Алмас Иманғазы, Ерасыл Амантай мен Дамир Қайыргелдиновтен құралған «103 Team» командасы жеңіске жетті. CS:GO сайысында Амантаев Арыстанбек, Ерғазинов Әмір, Неғматуллин Тимур, Мутас Артур және Нұрғали Арғын негізін құраған «teiko» командасы жеңді.
Турнирді ұйымдастырған креативті идеяларды дамыту жөніндегі өңірілк фронт-кеңсенің мамандары мұндай бастамалар дарынды киберспортшыларды анықтауға әрі олардың республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысуына мүмкіндік беретініне сенімді. Келесі «Cyber Cup» турнирі 2022 жылы өтеді деп күтілуде.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Ольга Бугаева