Жыл соңына дейін Павлодар облысында 10 жаңа мобильді полиция пункттері іске қосылады

Жыл соңына дейін Павлодар облысында 10 жаңа мобильді полиция пункттері іске қосылады

Бұған дейін іске қосылған модульдік полиция пункттеріне қосымша (Павлодарда – төрт және Баянауыл ауданында - біреу) өңірде осындай тағы да 10 пункт ашылады. Олардың бесеуі облыс орталығында, үшеуі Екібастұзда, екеуі Ақсу қаласында қызмет ететін болады. Полиция жұмысының сервистік моделіне көшу мәселелері облыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланды.

 

Құқық қорғау қызметінің жұмысын реформалау биыл басталған еді. Пилоттық жоба 2021 жылдың 9 айында қылмыстар саны 27,6%-ға өскен Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің аумағында іске асырылды. Кейін бүкіл өңір бойынша полицияның жұмысын сервистік модельге ауыстыру жоспарланып отыр. Қауіпсіздікті қаттмамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың басшысы Александр Денисюк бұл үшін үш негізгі даму векторы анықталғанын атап өтті.

 

- Бірінші вектор – полицияның көмегіне жүгінуді жеңілдету үшін оның жақын орналасуы, - деді баяндамашы. – Бұл жерде учаскелік бекеттерді, мобильді пункттерді оңтайлы орналастыру, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен жедел әрекет ету деңгейін арттыру туралы сөз болып отыр. Екіншіден, әлеуетті қауіптерді жою арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу қажет. Біз пилоттық аумақтағы проблемаларды сканерлеу, алынған ақпаратты сараптау, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу және жалпы нәтижені бағалау әдістері қолданылатын САРА әдістемесін қолданамыз.  Үшінші бағыт – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жергілікті маңызы бар болуына және оларды шешу жергілікті қауымдастықтың белсенді көмегінің арқасында тиімді шешу мүмкін болғандықтан тұрғындармен тығыз әріптестік орнату. Ол үшін біз әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде полиция қызметкерлерімен бірге оларға қарасты аумақта тұратын павлодарлықтар енетін топтар құрдық.

 

Тәртіп сақшыларының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша екі ай бұрын Павлодарда төрт модульдік полиция пункттері ашылған еді. Мұндай бекет Баянауыл ауданында да іске қоосылды. Әр модульдік пункт көріністері полиция пультіне көшірілетін бейнекамералармен жабдықталды. Пункттердің құрамына учаскелік полиция қызметкерлері, кәмелеттік жасқа толмандар істері жөніндегі инспектор және аумақтық жедел уәкіл енгізілді. Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров жыл соңына дейін өңірде тағы да бесеуі Павлодарда, үшеуі Екібастұзда және екеуі Ақсуда жұмыс істейтін 10 модульдік пункттер ашылады деп уәде берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындар тәртіп сақшыларына қолдау көрсеткен жағдайда ғана бұл инфрақұрылымның тиісті пайдасы болады деп отыр.

       

- Сервистік модель қоғам өкілдері қауіпсіздік проблемаларын анықтау үдерісіне белсенді қатысқанда ғана жақсы нәтиже көрсетеді, - деді Жасқайрат Қайыров. – Біз жергілікті қауымдастықпен қарым-қатынасты жақсартып, олармен кері байланыс орнатуымыз керек. Ол үшін қолда бар потенциалды дұрыс пайдаланып тұрғындардың сұранысына жедел әрекет жасау қажет. Сонда ғана полиция жазаламай, қиын өмірлік жағдайда көмек көрсетеді деген көзқарас қалыптасады.

 

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тәртіп сақшылары іс жүзінде тұрғындарға жақын болып, халықтың учаскелік полиция инспекторларын танып білуі бойынша тұрақты жұмыс істеуін талап етті.  Сонымен бірге, аймақ басшысы ауылдық аймақтарда мал ұрлығының өршіп тұрғанын атап өтті. Анықталғандай, ұрылар ауыл шаруашылғы жануарларының базасында тіркелмеген малды қолды етіп жатыр екен.

 

- Полиция жергілікті жерлердегі атқарушы мемлекеттік органдармен тығыз әрекет етуі керек, - деп атап өтті әкім. – Ауыл шаруашылық жануарларын есепке алуға келер болсақ, оларды шаруашылықтар бойынша есепке алу деректерін өзектендіріп, жеке қосалқы шаруашылықтардың ревизиясын жүргізу және қажет болған жағдайда өткен санақтың мәліметтерін пайдалану қажет. Өңірдегі мал басының нақты санын заңдастыру құралдары жетерлік деп ойлаймын.

 

Сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында пробация қызметінің есебінде тұрып, қылмыс жасағандарға қатысты жағдай да талқыланды. Жыл басынан бері Павлодар облысында жазадан босатылған немесе бостандығын айыруға қатысты жазаға тартылмағандардың қайыра қылмыс жасауының 93 дерегі тіркелген. Олар жасаған қылмыстың әрбір екіншісі - ұрлық. Әбілқайыр Сқақов бостандығынан айыру орындарынан шыққандармен алдын алу жұмысын күшейтіп, оларды ары қарай әлеуметтендіру үшін жұмыспен қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев