Түлектерге сәт-сапар тіледі

Түлектерге сәт-сапар тіледі

 

Түлектерді өмірлеріндегі ең маңызды сәттердің біірмен аймақ басшысы Болат Бақауов құттықтады. Оқуда озат болған оқушыларға ерекше үлгідегі аттестаттар мен «Алтын белгі» тапсырылды.  

 

– Құрметті түлектер, сіздер болашақта еліміздің экономикасын, білім саласын, озық технологияларды дамытатын ұрпақтың қатарынан көрінесіздер деп сенемін, – деді ол. – Сіздер өздеріңіз қалаған салада зор жетістіктерге жету үшін көп еңбектеніп, талмай-тынбай алға ұмтылуларыңыз қажет. Кез келген алыс сапар алғашқы қадамнан жасалады, Сіздер бүгін осы ұзақ сапарға жолға шығасыздар.

Мерекелік құттықтаулардан соң сахнада өткен концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары Кәмшат Жолдыбаева, Айқын және Шакентий өнер көрсетті. Концерттің соңы от-шашуға ұласты.