Павлодар облысында ауылдардың өңірлік стандарттарға сәйкестігі 68,2%-ға жеткізіледі

Павлодар облысында ауылдардың өңірлік стандарттарға сәйкестігі 68,2%-ға жеткізіледі

«Ауыл - Ел бесігі» жобасының арқасында өңірдің ауылдық аймағында әлеуметтік нысандар мен өркениет ошақтарымен қамтамасыз ету жақсара түсті. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде талқыланды.

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук биыл «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасының есебінен Павлодар облысында 25 мың адам тұратын 22 ауылды жаңғырту жұмыстары басталғанын еске салды. 70 жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінген еді. 10 айдың қорытындысы бойынша 61 нысандағы жұмыстар аяқталды.  Біздің өңір бұл көрсеткіш бойынша  87% көрсеткішпен ел бойынша көшбасшылардың қатарында тұр.

 

- 1,6 мың оқушы білім алатын 10 мектепте жөндеу жүргізілді, - деп атап өтті баяндамашы. – Ямышево және Қызылжар ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы мен реконструкциясы аяқталып, тағы да бес мәдениет үйі жөндеуден өтті. 4 бала бақшаның реконструкциясы мен жөндеу жұмыстары, Кеңтүбек ауылындағы спорт мектебінің күрделі жөндеуі аяқталды. Ақсу ауылдық аймағының Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория, Заря ауылында футбол алаңы салынды, ал, Мәшһүр Жүсіп ауылында ұзындығы 4,3 километр аралықта көше шамдары орнатылды.  Сонымен бірге, 80,8 шақырым ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Қазіргі кезде мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыстарын желтоқсан айында аяқтау жоспарланған 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл нысандардың кейбірі  мерзімінен кеш тапсырылуы мүмкін. Негізінен, бұл жылдың екінші жартыжылдығында қаржыландырылған жобалар. Сондықтан, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов ағымдағы қаржылық жылдың соңында аяқтау жоспарланатын жолдарды жөндеу, нысандардың күрделі жөндеуі мен жаңа құрылыстарға қаржыны тым кеш бөлуді тоқтатуды тапсырды.

 

- Барлық әкімшілер мен жергілікті әкімдер «Ауыл - Ел бесігі» жобаларын аяқтау бойынша шұғыл шаралар қабылдасын, - деп талап етті аймақ басшысы. – Ауыл тұрғындары жөнделіп жатқан және құрылысы жүріп жатқан нысандардың қолданысқа берілуін күтіп отырғандықтан әрбір басшы бұл жобалардың дер кезінде және сапалы түрде аяқталуына жауап береді.

 

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында жыл қорытындысы бойынша өңірдегі ауылдардың сәйкестігі 55,7%-ан 68,2%-ға дейін артты. Негізі, бұл көрсеткіш 61,5%-ы құрайды деп жоспарланған еді. 2022 жылы облыста «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасымен 9 мың тұрғыны бар 14 елді мекен қамтылады. 46 жобадан тұратын тізбеге 9 мектеп, 8 мәдениет үйі мен 1 дәрігерлік амбулаторияның жалпы құны 1,7 миллиард теңгенің жөндеу жұмыстары, 1,5 миллиард қаржы жұмсалатын бір мәдениет үйі мен үш дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы және 1,4 миллиард теңгеге 50 км кентішілік жолдарды салу енгізілді.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев