








Ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов құттықтады. Ол аймақ дәрігерлеріне түрлі ведомстволық және мемлекеттік наградалар тапсырды. Сондай-ақ, бұл күні денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Ertis Promenade сахнасында өткен мерекелік концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Концерттің басты жұлдызы әнші Ділнәз Ахмадиева болды.







