Павлодар облысы әкімдігінің жанындағы кадрлық кеңес жұмысын бастады

Павлодар облысы әкімдігінің жанындағы кадрлық кеңес жұмысын бастады

Жаңа кеңестік орган басшыларды таңайындау кезінде олардың кәсіби құзыреттілігі мен жұмыстан босатар кездегі KPI деңгейін қараумен айналысады.

 

Павлодар облысында кадрлық саясатты трансформациялауға көшті. Осы жылдың қазан айында аймақ басшысының аппараты жанынан барлық облыстық басқармалардың кадрлық жұмысын атқаратын персоналды басқарудың бірыңғай қызметі құрылған еді.

 

- Бұл бөлімшенің жұмысы HR-қызметтің форматына сәйкестендіріледі, - дейді персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Наталья Нефедова. – Бұл стандартты кадрлық іс жүргізуден мемлекеттік аппараттың кадрлық потенциалын қалыптастыруға көшуді білдіреді және нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігі артады деп күтілуде. Біз қызметшілердің KPI деңгейін анықтап, олардың жұмысын ынталандыра аламыз.

 

Сонымен бірге, 9 қарашадан бастап Павлодар облысы әкімдігінің жанынан кадрлық кеңес құрылды. Оның құрамына мемлекеттік қызметтің ардагерлері, ардагерлер кеңесі мен кәсіподақтың мүшелері, құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді. Қалалар мен аудандардың әкімдерін және облыстық басқармалардың басшыларын тағайындау кезінде  кандидаттардың кәсіби құзыреттілік деңгейі мен басқарушылық компетенцияларының болуы тексеріледі. Сондай-ақ, кеңестік орган әкімнің немесе басшының жұмыстан кетуінің себептерін сараптап, олардың атқарылған жұмыс туралы есептерін қабылдайды және бұған дейін жүктелген индикаторлардың орындалуын бағалайды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев