Жасыл болашақ

Жасыл болашақ


Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басшысы экологиялық заңнаманы реформалау және қоршаған ортаны сауықтыру бойынша өз көзқарасын ұсынды.

«Қанша шара қабылдамасақ, өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды шығарындылары төмендемейді: мысалы, 2016 жылдан бастап олар 4,2% -ға артты», – деді Айгүл Соловьева. – Қазіргі уақытта біз халықаралық қаржы орталығымен жасыл облигациялар шығаруға арналған бес пилоттық жоба бойынша жұмыс жасаймыз, жергілікті билік органдарына қызығушылық танытуға және осы облигацияларға инвестиция салуды қарастыруға шақырамыз.

2017 жылы Павлодар облысында шамамен 600 мың тонна ластауыш шығарылды. Сонымен қатар, газ фракцияларының шығарындылары жалпы шығарындылар көлемінің 484 мың тоннасын құрады.

– Соңғы жылдары облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары жоғары технологиялық шаң жинау сүзгілерін орнатып, олар бөлшектердің шығарындыларын минимумға дейін азайтуға мүмкіндік берді», – деп атап өтті «Экологиялық технологиялар құзыреті орталығы» корпоративтік қорының директоры Ахан Өмірбек. – Шығарындылардың ең үлкен үлесі газ фракцияларынан тұрады, оларды кәсіпорындарда  тазалау мөлшері шамалы ғана.

Қоғамдық кеңес мүшелерін тыңдап болғаннан кейін, Павлодар облысының әкімі бүгінгі күні Экология мәселелері адамдарды толғандыратынын атап өтті.

– Павлодар облысынан құзырлы жұмыс тобын құру қажет, сондықтан біз жаңа экологиялық кодекске ұсыныстар енгізуіміз керек», – деді облыс әкімі. – Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, экология мәселесі – бірінші кезектегі міндет. Бұл сондай-ақ көгалдандыруға да қатысты. Мен депутаттарға барлық мәселелерді арнайы бақылауға алуға тапсырамын. Мен сондай-ақ жұртшылықты үш қаланың көгалдандыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуға шақырамын.