Тепло для экибастузских предпринимателей станет дешевле

Тепло для экибастузских предпринимателей станет дешевле

Келесі айдан бастап Екібастұз кәсіпкерлері жылу төлемдері 35%-ға арзандайды. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасы бойынша заңды тұлғалар үшін тарифті қайта қарау нәтижелері бойынша осындай шешім қабылданды.

 

Жақсы жаңалық екібастұздық кәсіпкерлер үшін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-конференция барысында айтылды. Белгілі болғандай, «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШСің басшылығы болып табылатын жергілікті монополистер өзінің инвестициялық бағдарламасын орындамаған. Бағдарламаға сәйкес кәсіпорын пайданың бір бөлігі болып табылатын құрал-жабдықтарды жаңғыртуға жұмсауға тиісті 193 миллион теңгеге жуық қаражатты мақсатты пайдаланбаған. Сондықтан да өңір басшысының талабы бойынша монополияға қарсы қызметкерлер іске араласты.

 

- Субъект инвестициялық бағдарламаны орындамаған және тарифке салынған ақшаны игермеген, - деп атап өтті Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі өңірлік департаменттің басшысы Ибрагим Тангиев. - Енді сол кірістер қайтарлыып, нәтижесінде тариф төмендетіледі. Бұл тұтынушылар үшін бұған дейіінгі тариф бойынша есептелген барлық соманы өтеу үшін бір жылға есептелген уақытша шара.

 

Нәтижесінде Екібастұздағы заңды тұлғалар үшін бір гигакалорий жылу мөлшерлемесіне 14462 теңгенің орнына 9400 теңгені құрайтын болды. Бюджеттік ұйымдар үшін тариф шамалы ғана, яғни, екі пайызға төмендеді. Жылуды есептеу құралдарын орнатпаған қала тұрғындары да төмендетілген мөлшерлемемен 3493 теңгенің орнына 3443 теңге төлейтін болады. Тұтынушылар жаңартылған тарифтері бар түбіртектерді қазан айында алады.

 

- Екібастұзда тарифтің жоғары болуы қаланың бизнес ортасына қатты әсер етеді, - деп атап өтті Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук. – Бұл тарифті саралауға дифференциялауға байланысты. Мысалы, Павлодарда жеке тұлғалар үшін есептелетін тариф барлық соманың 25-30%-ы және заңды тұлғалар үшін 70-75% деңгейінде, ал Екібастұзда дифференциялау жеке тұлғалар үшін 10-15% аралығында, қалған 85-90%-ы кәсіп иелеріне жүктеледі. Сондықтан дифференциялау саясатын бастауымыз аса маңызды. 1990 жылдары дифференциялау заңсыз жасалды және барлық шығындар заңды тұлғаларға, соның ішінде бюджетке салмақ болып түсті. Осы уақытқа дейін Екібастұзда айтарлықтай жылу жүктемесі болса, қазір ол жоқ. Біз бизнес өкілдері әділеттілікті көріп, осы қызметке қосылады деп үміттенеміз. Әрине, егер дифференциялау саясаты сәтімен жүзеге асса, онда жылу энергиясы көлемінің ұлғаюына байланысты тариф те өзгереді.

 

Қазіргі кезде Екібастұз кәсіпкерлері орталықтандырылған жылуды қосқаннан гөрі жергілікті жылумен қамтамасыз ету көздерін қалайды. Жергілікті станцияның өнімдерін пайдаланатын кәсіпкерлердің саны көбейген кезде жылу тарифінің тұрақты негізде төмендегені туралы айтуға болады. Мамандардың түсіндіруінше, жылу энергиясын өндіру көлемі мөлшерлемелерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады: станция жылуды  неғұрлым көбірек өндірсе, тұтынушылар үшін тариф та азая түседі.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі