Спортты жан басына қаржыландыру және «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарымен Май ауданында болды

Спортты жан басына қаржыландыру және «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарымен Май ауданында болды

Павлодар облысының әкімі үш ауылға барып, ауданда спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасының іске асырылу барысын және ауылдық инфрақұрылымның қалпына келтірілуін тексерді.

 

Өңір басшысы жұмыс сапарын аудан орталығы – Көктөбе ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бастады. Бүгінгі таңда БЖСМ және оның ауылдық бөлімшелеріндегі секцияларға күрес, үстел теннисі, футбол және басқа да спорт түрлерімен айналысатын 600-ге жуық бала барады. Өткен жылы мектепте жүгіру жолы мен толық көлемді футбол алаңы жөнделді, онда тек балалар ғана емес, ересектер де жаттығады. Әбілқайыр Сқақов қалалардың үлгісі бойынша, ауылдық жерлерде де спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу қажеттігін атап өтті. Алайда, бұл үшін мамандар қажет.

 

- Қазіргі кезде мемлекет бүкіл ел бойынша балалардың спортпен шұғылдануы үшін қажетті қаржы бөліп жатыр, - деді әкім. - Сондықтан жаттықтырушылар мен спорт нұсқаушыларына осындай мүмкіндік туралы айту керек. Сонда ғана үйірмелер саны көбейіп, балалар спортқа көбірек тартылады. Бұл өз кезегінде жас спортшыларды жаттықтыратын  мамандардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Өңір басшысы аудан орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан екі пәтерлі үйлерді қарап, тұрғын үй құрылысының сапасын бақылауды талап етті.

 

Облыс әкімі Кеңтүбек ауылында 20 жылдан астам уақыт бос тұрған Жалтыр орта мектебінің ғимаратына барды. Осы уақыт ішінде балалар жақын жердегі қосалқы ғимаратта білім алған. Биыл «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржыландыру бөлініп, бос тұрған ғимаратты жөндеу жұмыстары басталды. Осындағы аудандық БЖСМ құрамына кіретін спорт залын жөндеу де жүріп жатыр.

 

- Ақыры, көп жыл бос тұрған ғимараттарға да кезек келді, - деді  Әбілқайыр Сқақовпен кездесу кезінде. - Биыл ауыл ішіндегі жеті көшеге асфальт төселгені жақсы болды. Біздің ауыл іс жүзінде өзгергеніне өте қуаныштымыз.

 

Өңір басшысы Малайсары ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жергілікті мектеп түлектерінің есебінен орнатылған шағын футбол алаңында болды. Алаңда ауыл балалары жүгіріп, футбол ойнап жүр.

 

- Біздің ауылдар осылай мемлекет қаржысының да, жергілікті қауымдастықтың, ауылдан шыққан жомарт жандардың демеушілік қаражатының есебінен де дамуы тиіс, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. - Егер бюджеттен әлеуметтік нысандар мен ауылдық инфрақұрылымдарды жөндеу жұмыстары қаржыландырылса, тұрғындар мен қаржылық мүмкіндіктері бар адамдар туған ауылын абаттандырумен және көгалдандырумен, балалар және спорт алаңдарын орнатумен айналыса алар еді. Бұл бәріне үлгі болуы тиіс.

 

Сондай-ақ, облыс әкімі «AgroExportPavlodar» ЖШС өкілдерімен сұхбаттасты. Қожалық мал шаруашылығымен айналысады және таза тұқымды және асыл тұқымды малды жеткізу бойынша операторлық қызметтер көрсетеді. Биыл кәсіпорын өз қажеттіліктері үшін 1000 бас ірі қара мал мен  басқа фермерлер үшін 1200 бас ірі қара әкелді. Шаруалар өздерінің аналық мал басын көбейтуді жоспарлап отыр, алайда, оларды күту үшін жем-шөп қоры мол боулы керек. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпорын қосымша шабындық жерлерді жалға алуға ниетті. Әбілқайыр Сқақов фермерлерге қолдау көрсетіп, шетелден мал жеткізу аясында серіктестікпен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев