Павлодар облысының ауылдық аймағында жөндеуден өткен бала бақша мен жаңа дәрігерлік амбулатория ашылады

Павлодар облысының ауылдық аймағында жөндеуден өткен бала бақша мен жаңа дәрігерлік амбулатория ашылады

Жаңартылған бала бақша Успен ауданының Константиновка ауылында, ал, жаңадан салынған дәрігерлік амбудатория Ақсу ауылдық аймағының Қызылжар ауылында іске қосылады.

 

Константиновка ауылындағы бала бақша ғимараты күрделі жөндеуді 30 жыл бойы күтті. Жергілікті мектептің үш қабатты қосалқы ғимаратының бір қабаты ғана жұмыс істейтін. Мұнда тек 25 бүлдіршінді қабылдау мүмкіндігі болды. Жаңғыртудан кейін бақшаға тағы да 25 бала келе алады. Осылайша, ауылда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мәселесі толық толық шешіледі. Сонымен бірге, бала бақша ғимаратында бұрын мектепте орналасқан мектеп алды даярлық тобы да қоныстанады.

 

- Реконструкциялау бойынша барлық жұмыстар жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес аяқталды, - дейді Равнополь ауылдық округінің әкімдігіндегілер. – Бала бақша ғимараты Успен ауданының білім беру бөлімінің балансына аударылған соң балаларды қабылдауды бастаймыз.

 

Ашылуға тиіс тағы бір әлеуметтік нысан – Ақсу ауылдық аймағындағы Қызылжар ауылында орналасқан. Бұған дейін ауыл тұрғындары амбулаторияға бейімделген екі пәтерлі үйдің ғимаратында орналасқан еді. Енді ауылдық дәрігерлердің кішігірім стационары бар өз ғимараты пайда болады. Сонымен бірге, амбулатория жаңа құрал-жабдықтармен толығады.   

 

Павлодар облысының құрылыс басқармасы

Суреттерді Ақсу қаласы мен Равнополь ауылдық округі әкімдігі берді