Екібастұздың кешенді жоспарын орындау әсері: 16 мың жаңа жұмыс орындары мен жалақының өсуі

Екібастұздың кешенді жоспарын орындау әсері: 16 мың жаңа жұмыс орындары мен жалақының өсуі

Қазақстан үкіметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрастырылған Екібастұз қаласының кешенді даму жоспарын бекітті. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Үкімет отырысында жоспарды іске асыруға дайындық туралы айтып берді.

 

Аймақ басшысы атап өткендей, кеншілер шаһарының кешенді даму жоспары экономиканың нақты секторы, тұрғындарды жұмыспен қамту, қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау, экологиялық проблемаларды шешу сияқты төрт негізгі блоктан тұрады. Қойылған міндеттерді шешу үшін 933 миллиард теңге қажет. Қаржыландырудың көп бөлігін – яғни, 90%-ға жуығын – жеке инвестициялар құрайды.

 

- КДЖ-ың негізгі міндеті – көмірге деген сұраныстың азаюына байланысты қала экономикасын әртараптандыру болып табылады, - деп атап өтті өз баяндамасында Әбілқайыр Сқақов. – Жеке инвесторлар үшін индустриялық аймақ құрылады. Әлеуетті жобалар пулы дайын. Қолданыстағы және жаңа өндірістерді қажетті қуат көзімен қамтамасыз ету үшін екі энергия блогының құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ, көмір өндірісін ары қарай дамыту үшін көмір-химия ғылыми-зерттеу орталығы іске қосылды.

 

Екібастұздың кешенді даму жоспары әлеуметтік мәселелерді шешуге де бағытталған. Денсаулық сақтау саласында кадрлық әлеуетті арттырып, қалалық емхананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүдделі, ал, білім беру саласында барлық 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіп, балалар шығармашылығы орталығын салу жоспарланып отыр.   

 

- Біз дене тәрбиесі мен спорт саласында да қосымша білім беруді дамытамыз, - деп жалғастырды Павлодар облысының әкімі. - Мұз айдыны мен 30 спорт алаңын салу жоспарлануда. Мәдениет саласының нысандарының  күрделі жөндеуі мен құрылысы күтілуде, сондай-ақ, Екібастұздың ауылдық аймағында мәдениет үйлері бой көтереді.   

 

Стратегиялық құжаттың барлық тармақтарын орындау Екібастұздың отын-энергетика кешеніне тәуелділігін 12,1%-ға төмендетуге және қаланың негізгі капиталына 737 миллиард теңге қаржы тартуға мүмкіндік береді.  Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 триллион теңге деңгейінен артып, шағын және орта бизнес нысандарының саны 10 мыңға дейін көбейеді. Сонымен бірге, стратегиялық құжатты орындаудың арқасында 16,5 мың жаңа, оның ішінде 14 мың тұрақты  жұмыс орындары құрылып, орташа айлық жалақы 321 мың теңгеге дейін артады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев