
Ақсу қаласына жұмыс сапарымен барған Павлодар облысының әкімі құрылыс учаскесіне барып, жұмыстардың мән-жайымен танысты. Бір кездері жер учаскелері беріліп, құрылыс жүргізілмеген аумақта 25 екі пәтерлі үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Бұл үйлерге осы күзде көп балалы отбасылар қоныстанады.
– Шағын ауданға барлық қажетті инфрақұрылым тартылды, алайда, жер алған азаматтардың бәрі бірдей құрылыс жүргізбеді. Сондықтан, біз бұл учаскелерді арендалық үйлер салу үшін мемлекет меншігіне қайтарып алдық, – Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев. – Тұрғын үйлерді жалға алу құны 2,5 мыңнан 5 мың теңгеге дейін. Осы шағын ауданда 70 азамат өздері үшін жеке тұрғын үй салып жатыр. Олардың ішінде 30 үй осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
– Болашақ үй иелері пәтерлерді алғанға дейін оларға аулаларды абаттандыруға мүмкіндік жасау керек, – деді аймақ басшысы. – Яғни, әр отабсы күз мезгілінде ағаштар отырғызып, қажет болған жағдайда, есік-терезелерді ауысытырып алсын.
Құрылыс жүріп жатқан шағын ауданды көріктендіруге көп қаражат қажет болғандықтан, облыс әкімі бұл мәселені алдағы жылы қарастыруға уәде берді.