
Облыстық драма театрының жаңа маусымы француз авторы Клод Маньенің «Оскар» комедиясымен ашылды.
Көрермендер театрға спектакль басталмай тұрып жинала бастады. Павлодарлықтардың айтуынша олар сүйікті әртістерін қатты сағынып қалыпты.
- Біз құрбыларымызбен бірге бірнеше жыл қатарынан театр маусымының ашылуына келеміз, - деді көрермендердің бірі Юлия Гончарова. – Біз үшін бұл үлкен мереке. Осы маусымда театр труппасы жаңа преьмералармен таң қалдырады деп сенеміз.
Театр қызметкерлері шынында да өз аудиториясына бірнеше сыйлық әзірлеп жатыр. Маусым бойы әр ай сайын «чеховтықтар» жаңа спектальдер қояды. Бірінші премьера қазан айында өтеді. Көремендерге Александр Пушкиннің повесі бойынша әзірленген «Дубровский» мюзиклі ұсынылады. Қойылымды мәскеулік режиссер Игорь Меркулов дайындайды.
Маусымның ашылуында қойылған «Оскар» комедиясы көрермендерді қыран-топан күлкіге батырды. Оқиға күндердің күнінде париждік кәсіпкер душар болған проблемалар – қол астындағы қызметкердің оны тонауы, қызының екіқабат болуы, компаниясындағы қиындықтардан басталады. Алайда, сюжет желісіндегі шытырманға қарамастан оқиға барлық қатысушылар үшін жақсы аяқталады.
Чехов атындағы театрдың жаңалықтары мен репертуарымен http://www.teatrpavlodar.ru сайтында таысуға болады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев