
Құрметті жерлестер!
⠀
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
⠀
Еліміздің негізгі заңы – ең алдымен қазақстандықтардың бірлігі мен татулығының мызғымас іргетасы. Демократия принциптеріне негізделіп, жасампаздыққа бағытталған Ата Заңымыз бізге таңдау бостандығы мен құқытарымызды жүзеге асыруға кепілдік береді. Тез нығайып, халықаралық аренада өз орнын тапқан республикалық институттардың барлығы Конституцияның ережелеріне негізделеді. Осындай институттардың бірі – азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам кез келген күшті мемлекеттің бөлінбес бөлшегі. Мен барлық қоғамдық ұйымдардың және азаматтық емес сектордың өкілдеріне одан сайын кемелденуін тілеймін.
⠀
Қазақстанымыз тұрақты дамып, жайнай берсін! Отанымыздың дамуы ел Конституциясында бекітілген нормаларға сәйкес негізделсін.
⠀
Қымбатты жерлестер, бәріңізге мықты денсаулық, құт-береке, барлық істеріңізге сәттілік тілеймін! Мереке құтты болсын!
Фото: inform.kz