Тәуелсіздік жетістіктері: Павлодарда Конституция күні қарсаңында дөңгелек үстел өтті

Тәуелсіздік жетістіктері: Павлодарда Конституция күні қарсаңында дөңгелек үстел өтті

Кездесуге депутаттар, қоғамдық бірлестіктердің, журналистика мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Өңірлік  Достық үйінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді ашқан аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов жиналғандарды алдағы Конституция күнімен құттықтады. Ол еліміздің Негізгі заңының қазақстандықтардың ұлтаралық және қоғамдық келісімін нығайтудағы зор рөлін атап өтті.

- Еліміздің негізгі Заңында қазақстандықтардың бірлігі берік негізделген, - деді әкім. - Конституция бізге таңдау еркіндігіне және өз құқықтарымызды іске асыруға кепілдік береді. Демократиялық мемлекеттің қағидаттары Конституцияның өзінің де, бүкіл қазақстандық заңнаманың да негізінде жатыр. Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республикамыздың дамуы конституциялық нормаларға  негізделген.
 

"Отандастар" қорының өкілі Мұхит Жақсылық өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институттың еліміз үшін маңыздылығына тоқталды. Ол 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Конституцияның бүкілхалықтық референдумда қабылдануын қолдағанын және сол кезден бастап республикада тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтауды әрдайым қолдайтынын атап өтті.
 

Павлодар ауданы Қоғамдық кеңесінің төрайымы Светлана Шин өз кезегінде мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығы туралы айтты.
 

- Мемлекеттік тілді білу - біздің қоғамды топтастырудың маңызды факторы, - деп атап өтті спикер. - Мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы, біздің көпұлтты елімізде тұратын әрбір этностың өмір сүруі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасауы ертеңгі күнге  жаңа серпін мен сенімділік береді.

"Самал" оңалту орталығының жетекшісі Зинаида Багненко Қазақстан тәуелсіздігінің тағы бір жетістігі - азаматтық қоғамның дамуы туралы еске салды. Оның айтуынша, дәл осы кезде халықтың күшімен Семей ядролық полигонының жабылуына қол жеткізіліп, бүкіл әлем бойынша ядролық қарусыздануға жол ашылды.

– Қазақстанның өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, серпінді, заманауи мемлекет ретінде дамуы адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру және азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана мүмкін болады, - деп атап өтті Зинаида Багненко. - Еліміздің Негізгі заңы осы идеяларды топтастырып, соның ішінде, қоғамдық келісім мен азаматтардың әл-ауқатын республика қызметінің негізгі қағидаты ретінде таниды. Бұл Қазақстан Конституциясын саяси тұрақтылықтың аса маңызды факторы, азаматтық бейбітшіліктің, әлеуметтік және ұлттық келісімнің кепілі етеді.

Дөңгелек үстел соңында оның бірнеше қатысушылары облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды. Конституция күніне орай "Найзатас" журналының редакторы Асыл Әбішев, "Самал" оңалту орталығының басшысы Зинаида Багненко, Павлодар облысының финно-угор этномәдени бірлестігінің төрайымы Ольга Николашина, Торайғыров университетінің доценті Ильдар Қалиев, белгілі археолог Тимур Смағұлов және мәдениет, спорт, туризм, ақпарат, бюджеттік және мемлекеттік сала қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының басшысы Алмагүл Қозбаева марапатталды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев