Конституция күні қарсаңында түрлі салалардың қызметкерлері марапатталды

Конституция күні қарсаңында түрлі салалардың қызметкерлері марапатталды

Салтанатты кездесу Павлодар облысының әкімдігінде өтті. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов жиналғандарды Конституция күнімен құттықтап, еліміздің Ата заңы қазақстандық қоғамның дамуының бастауында тұрғанын атап өтті. 

 

- Біз ерікті таңдау жасап, өз құқықтарымыздың орындалатынына сенімдіміз, - деді Әбілқайыр Сқақов. — Бұл қазақстандық бірлік пен келісім, ұлтжандылық пен өзара сыйластықтың негізі. Еліміздің Ата заңына демократия мен қазақстандық дәстүрлердің үздік тәжірибелері енгізілген. Конституциямыз ары қарай да мемлекеттілігімізді жетілдіруге және еліміздің гүлденуіне қызмет етеді деп сенемін

 

Алдағы мейрамның құрметіне аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Аманжоловаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған алғыс хат табысталды. Өңірлік прокуратураның аппарат басшысы Артықбаев Қуат «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Облыс әкімінің құрмет грамотасы Железин ауданы әкімінің орынбасары Аужанов Баулыбайға,  «Жандос» шаруа қожалығының басшысы Баймұханбетов Нұрмұхаммедке, Ақсу қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Попкова Еленаға, «Қазақстан алюминийі» АҚ—ың лаборанты Сүлейменова Гүлжанға, Қарақала ауылдық округінің «Айгөлек» бала бақшасының басшысы Өмірзақова Күлпашқа, «СтеклоМир» ЖШС-ің бас директоры Высоцкий Владимирге, «Павлодарэнерго»АҚ №2ЖЭО-ың директоры Зенков Андрейге,  Азаматтарға арналған Үкімет облыстық өкілдігінің басқарма басшысы Сәлімова Гүлнәрға және «Backstage»сұлулық салонының жетекшісі Михайлюк Марияға берілді. 

 

Кездесуде алда келе жатқан Шахтер күніне қатысы барлар да ұмыт қалған жоқ. Бұл мереке тамыз айының соңғы жексенбі күні атап өтіледі. Әбілқайыр Сқақов аталмыш мерекелік дата қазақстандық көмірдің жартысы өндірілетін Павлодар облысы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Кәсіби мереке және Конституция күнінің құрметіне «Богатырь» разрезінің директоры Досмұхамбетов Ибраһим мен «ЕЭК» АҚ экскаватормашинисі Кенекеев Бауыржан «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, ал, «Богатырь Көмір» ЖШС-ің тарту агрегатының машинисі Игорь Сурков облыс  әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев