
Қазіргі кезде аграрийлер 70 мың гектардан астам аумақта дәнді дақылдарды орып, 66 мың тонна астық жинады. Астықтың күтілетін ауқымы туралы болжамдар обылстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде айтылды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашевтің айтуынша биыл Павлодар облысындағы дәнді дақылдардың аумағы 873 мың гектардан асады. Бұдан бөлек, өңір фермерлері 266,8 мың гектар аумақта майлы дақылдарды жинаулары қажет.
- Дәнді дақылдарды жиану жұмыстарын 30 күнтізбелік күн ішінде 25-қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деді Нұрболат Мақашев. – Дәнді дақылдардың жалпы терімі 778,3 мың тоннаны құрайды деп күтілуде. Майлы дақылдарды 126,9 мың тонна көлемінде, сондай-ақ, 558 мың тонна картоп, 252 мың тонна көкөніс жинау жоспарланып отыр. Дәнді дақылдардың ең жоғары шығымы – гектарынан 10 центнер – Успен ауданында, сонымен бірге, гектарынан 9,9 мың тонна - Тереңкөл ауданында тіркелді. 900 гектар аумақта картоптың тез жетілетін сұрыптары жиналып, жалпы терім көлемі 23,9 мың тоннаны құрады. 330 гектардан 8,5 мың тонна көкөніс жиналды.
Шаруалар егістік алқаптарында ғана емес, одан тыс аумақтарда еңбек етіп жатыр. Қазіргі таңда астықты сақтау үшін қоймаларды әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Павлодар облысының элеваторлары мен астық жинау пункттері 301 мың тоннадан астам дән қабылдауға әзір. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің меншігінде жалпы сыйымдылығы 890 мың тоннаны құрайтын 257 қойма бар.
- Картоп пен көкөністі сақтау үшін қуаттылығы 412 мың тоннаны құрайтын 141 қойма бар, олардың 90%-ы заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған, - деп атап өтті ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. – Инвестициялық жоба шеңберінде Павлодарда 3 мың тонналық, Железин ауданында сыйымдылығы 4 мың тоннаны құрайтын көкөніс сақтау қоймалары іске қосылды. Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 35 мың тоннаны құрайтын тағы 5 көкөніс қоймасы іске қосылады.
Жұмыс кездесуінде алдағы халық санағына дайындық мәселелері де талқыланды. Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің басшысы Жақан Жакеновтің ақпараты бойынша 1 қыркүйек-15 қазан аралығында өңір тұрғындары басқа қазақстандықтармен қатар sanaq.gov.kz сайтындағы сауалнаманы өздігімен толтыра алады. Аймақтағы пәтерлерді аралап, сауалнама толтыру 1-30 қазан аралығында жүреді. Санаққа байланысты сауалдардан бөлек респонденттерге коронавирус пандемиясының отбасы кірісіне әсер етуі, ұжымдағы ауырулар және вакцинация туралы сұрақтар қойылады.
- Тұрғындар арасында халық санағы туралы ақпараттық жұмысты белсенді жүргізу қажет, - деп атап өтті облыс әкімі Әбіқайыр Сқақов. – Соңғы ұлттық санақ 2009 жылы өткен еді. Тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін шынайы статистикалық деректер қажет. Қазіргі кезде біз аймақ тұрғындарына бұл кампанияның не үшін қажет екенін және санақтың нәтижелері бойынша қандай деректер түзетілетінін түсіндіруіміз керек.
Жалпы алғанда, Павлодар облысында халық санағын ұйымдастыруға бір мыңнан астам адам қатысады. Олардың көпшілігі – интервьюерлер. Қазір статистика мамандары 200-ден астам қызметкер жианды. Сонымен қатар, студенттерді жұмысқа тарту көзделіп отыр. Колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттері оқудан тыс уақытта халық арасында сауалнама жүргізе алады. Аймақ басшысы жергілікті әкімдер санақшылар ұжымдарын қалыптастыруды назарға алып, санақ кампаниясы кезінде санитарлық нормаларды сақтауды тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев