Павлодар облысының білім беру жүйесінің перспективалары тамыз конференциясында талқыланды

Павлодар облысының білім беру жүйесінің перспективалары тамыз конференциясында талқыланды

Павлодар облысында білім беру қызметкерлерінің «Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы тамыз конференцииясы өтті. Бейнеконференцбайланыс және онлайн режимдегі трансляцияға өңірдік барлық педагогтары, білім және ғылым вице-министрі, сонымен бірге, шетелдік сарапшылар қатысты.

 

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өз сөзінде өңірде білім беру саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. 2018 жылдан бері білім саласына құйылатын қаржының көлемі екі есе артқаны мұның айғағы болып табылады. Атап өтсек, білім беру нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына бөлінетін қаржының көлемі арта түскен. Өткен жылы бастау алған «Заманауи мектеп» өңірлік бағдарламасы жетекші күшке айналды. Бағдарлама бойынша мектептер ауладан бастап құрал-жабдықтар мен жиһаздарға дейін толықтай жаңғыртылады.  Тағы бір жаңашылдық – педагогтар мен дарынды оқушыларды қаржылық қолдауға қаражаттың бөлінуі. Аймақ басшысы атап өткендей, ұстаздар мен шәкірттерді ынталандыру білім саласының дамуының бөлінбейтін бөлшегі.   

 

- Өткен жылы Жоғарғы инновациялық аграрлық колледждің қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғайды, - деп жалғастырды Әбілқайыр Сқақав техникалық және кәсіби білім берудің дамуы туралы. - Колледжде кешенді күрделі жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық база жақсартылды. Қазір мұнда құзыреттіліктер орталығын ашуға әзірлік жүріп жатыр. Колледжді өңірдің кәсіби оқу мекемелері үшін әдістемелік және ғылыми орталыққа айналдыру міндеті тұр.

 

Осы жылы Ақпараттық технологиялар колледжіне ерекше көңіл бөлініп, оның қаржыландырылуы үш есе артты. Қаражат республикалық бюджеттен де бөлінді.    

 

- Біздің жоспарымыз бойынша колледж ІТ қауымдастырқтар мен креативті экономика үшін тартылу орталығына айналып, оның базасында ІТ хаб құрылуы тиіс, - деп хабарлады аймақ басшысы Павлодар облысында ақпараттық технологиялар дамытудың экожүйесін құру қажеттілігі туралы. – Бұдан бөлек, Торайғыров университетінің базасында ақпараттық технологиялар мектебін ашу жоспарланып отыр. Мектеп ІТ саласы бойынша қосымша немесе тереңдетілген білім алғысы келетін жандарға сертификат беру арқылы курстар жүргізеді. Сонымен қатар, университетте   Computer Science факультеті ашылады. Осылайша, біз өңірде ІТ-білімнің толық жүйесін құратын боламыз.   

 

Әбілқайыр Сқақов облыста жүзеге асырылып жатқан ғылым, билік және бизнестің тиімді әрекеттесуіне жол ашатын «Қуатты ЖОО – қуатты өңір» бағдарламасы туралы да еске салды. Мұндай әріптестіктің негізгі міндеттерінің бірі – қазіргі заманға сай өңірлік экономиканың дамуына әсер ете алатын кадрларды дайындау болып табылады.

 

Кәсіби бағыттау жұмысындағы трендтер туралы «BTS Education» компаниясының басшысы Саясат Нұрбек айтып берді. Павлодар облысы еліміздегі жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктердің атласын әзірлеп жатқан тұңғыш өңір. Атласқа қазірдің өзінде сарапшылардың болжаулары бойынша алдағы 5-10 жылдың ішінде сұранысқа ие болатын 40 мамандық енгізілді. Олардың 14-і бойынша білім беру бағдаралмаларының негізі әзірленді. Кез келген колледж атластың ішінен мамандық таңдап, ол бойынша оқу жоспарын әзірлей алады.    

 

- Біздің жұмысымыздың тағы бір маңызды аспектісі-кәсіптік бағдарлау диагностикасы, - деп хабарлады Саясат Нұрбек. - Өңірдің барлық жоғары сынып оқушылары кәсіби-диагностикалық бағалаудан өтті. Біз жасөспірімдердің қандай таланттары бар екенін, қандай пәндерге назар аударатындығын, қандай дағдылары мен қызығушылықтары бар екенін білдік. Жастардың өңірлік колледжге түсуге немесе Павлодар облысының білім беру жүйесінен сыртқа шығуға ниет білдіргендіктері бойынша толық мәлімет бар. Егер біз осы сараптаманы үнемі жүргізетін болсақ, кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс қандай болу керектігін түсіне аламыз. Бұл білім беру саласындағы мұғалімдер мен шенеуніктер 3-5 жылдан кейін оқушылардың жағдайы қандай болатынын білуі үшін өте маңызды

 

Конференцияда инклюзивтік және қосымша білім беруді дамыту мәселелеріне жеке тоқталды. Облыс әкімі өңірде инклюзивті білім беру бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру жалғастырылатынын атап өтті. Бүгінгі таңда 4 мыңнан астам маман арнайы курстан өтті. Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдістемелеріне және олардың сапалы білімге қол жеткізуін арттыруға ерекше назар аудара отырып, шенеуніктер де өзгеруге тиіс екенін атап өтті.

 

- Қосымша білім беру саласында өзге тетіктермен қатар біз жүйелі түрде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы спорт секцияларының санын арттырып келеміз. Біздің мақсатымыз 2025 жылға дейін жан басына қаржыландыру есебінен спорт секцияларына тегін баратын балалар мен жасөспірімдердің санын 9 есеге арттыру болып табылады, - деді әкім қосымша білім беру перспективалары туралы. - Сонымен бірге, дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыруға деген көзқарас та өзгерістерді қажет етеді деп санаймын. Басқа пән мұғалімдерін даярлаумен және қайта даярлаумен қатар, біздің жаттықтырушыларға да тұрақты әрі сапалы негізде біліктіліктерін арттыру қажет.

 

Білім беру, туризм және спортты дамыту жөніндегі басқармаларға тиісті жоспарлар әзірлеу тапсырылды. Қосымша білім беруді дамытуда креативті индустрияға да көңіл бөлінеді. Мұндағы негізгі оқиғалардың бірі облыс орталығында өнер орталығының ашылуы болуы тиіс.

 

Конференцияда талқыланған негізгі тақырыптың бірі, әрине, пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту форматына көшу болды. Сарапшылар онлайн оқытудың барлық қиындықтарымен келісіп, дәстүрлі форматқа оралу одан да қиын болуы мүмкін екендігін айтты. Шынында да, жаңа бағдарламаны дамытуға «коронавирустық» оқу режиміне байланысты туындаған олқылықтардың орнын  толтыру қажеттілігі қосылады. Бірақ, «қашықтықтан оқытудың» жағымды жақтары да бар. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, ол ата-аналарға балаларын жақсы тануға және мұғалімнің еңбегін көбірек бағалауға мүмкіндік берді.

Оқушының ата-анасы педагогтардың білім беру үрдісіндегі негізгі әріптестеріне айналуы тиістігі туралы Хельсинки білім беру депаратментінің басшысы  Марио Киллонен де айтты.

 

- Финляндияда баланың отбасылық әл-ауқатына ерекше назар аударылады, - деді спикер. - Онлайн оқыту кезінде барлық балалар, тіпті нәтижелері әрқашан жақсы болған балалар да қиындықтарға ұшырайды. Қазір біз үлгерімнің төмендеуін және оқушылардың эмоционалды жағдайының нашарлауын байқаймыз. Жаңа оқу жылын бастау кезінде балалардың отбасындағы жайлылық қана табысты оқудың кепілі болатынын түсінеміз. Оқу процесінің басталуына дейін балалардың қашықтықтан оқыту кезінде отбасы ішінде қолдауға ие болғанын, оларға сабаққа дайындалуда және көңіл-күйлерін түсірмеуде ата-анасының қаншалықты әсер еткенін білу қажет. Оқушылар жетістікке жетіп, өз болашағын құруы үшін ата-аналарды тарту маңызды. Бұл пандемияға дейін де айқын еді, ал, қашықтықтан оқыту кезінде бұл мәселе одан да өзекті болды.

 

Тамыз конференциясы Павлодар облысы білім беру жүйесінің қызметкерлерін марапаттау рәсімімен аяқталды. Августовская конференция завершилась церемонией награждения работников систем ұстаз «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төс белгілерімен, медаль «Еңбек ардагері» медалімен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, сондай-аұһқ, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік педагог-2021» конкурсының жеңімпаздары марапатталып, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі жоғары жетістіктері үшін аранйы гранттар табысталды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев