
Мамандар мұны медиктер мен ұстаздардың көпшілігінің COVID-19-ға қарсы вакцина алуымен байланыстырады. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай КВИ-ге қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық штабтың кезекті отырысында талқыланды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтің ақпараты бойынша облыста аптадағы коронавиурспен ауыру деңгейі 2,4%-ға көтерілгені байқалады: орта есеппен алғанда күніне 307 жаңадан коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайы орын алып отыр. Тәулік сайын 150-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады.
- Қазіргі кезде Павлодар облысының 255 мыңнан астам тұрғыны COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал, 203 мыңнан астам адам екінші компонентін алып үлгерді, - деп хабарлады Айдар Сейітқазинов. – Біздің қорымызда бірінші компоненттік препараттардың 51 мың дозасы және екінші компоненттің 61 мың дозасы бар.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңір бойынша коронавируспен ауырғандардың көпшілігі егу кампаниясы төмен қарқыны байқалған қалалар мен аудандарда тіркелгенін атап өтті. Штаб отырысында атап өтілгендей, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның тиімділігін көпшілігі екпе алған медициналық қызметкерлер мен педагогтардың арасында індеттің таралуының азаюынан байқауға болды.
- Осы мамандықтардың өкілдерінің арасында вакцинация деңгейі жоғары, инфекцияға ұшырау сирек кездеседі. Бұдан медиктер мен педагогтардың арасында ұжымдық иммунитеттің қалыптасқанын байқауға болады, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Бір-екі ай бұрын күн сайын 6,5 мыңдай облыс тұрғыны екпе алса, қазір бұл көрсеткіш төмендеді. Бізге вакцинацияның бұрынғы қарқынына оралу қажет. Күзгі жиын-терім науқаны, ЖРВЖ мен тұмау маусымы, жаңа оқу жылы жақындап келеді. Мұның бәрі коронавируспен ауыру жағдайына ә»сер етеді.
Әбілқайыр Сқақов вакцинация қарқынын бақылауда ұстауды жалғастырады. Аймақ басшысы жергілікті әкімдер мен басқарма басшыларын вирусқа қарсы күрестен алшақ қалмай, вакцинация қарқынын арттыруға ат салысуға шақырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото мұрағаттан
19.08.2021