Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы абаттандыру және құрылыс жұмыстарымен  танысты

Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы абаттандыру және құрылыс жұмыстарымен  танысты

Аймақ басшысы қала көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын тексеріп, «Сарыарқа» шағын ауданындағы жаңа үйлердің құрылысын қарады және сәулетшілердің Химқалашықтағы кіре беріс жолдың реконструкциясы бойынша жоспарларымен танысты.

 

Астана көшесінде облыс әкіміне Торайғыров көшесінен Ломов көшесіне дейінгі 3,7 шақырым жолдың қайта жөнделуі туралы айтылды. Қазіргі кезде мердігер ұйым Толстой мен ак. Шөкин көшелері арасындағы учаскеде жұмыс істеп жатыр. Мердігер ұйымның өкілі күрделі жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Ак. Сәтбаев көшесінің жол жабыны да ауыстырылып жатыр. Мердігерлер Лермонтов пен Кривенко көшесінің аралығындағы учаскені асфальттап, жұмысты жақын арада аяқтауға уәде берді. Жалпы алғанда, биыл Торайғыров көшесінен Естай көшесіне дейінгі аралық жөндеуден өтеді.

 

Мәшһүр Жүсіп көшесінде мамыр айында басталған магистральдық су құбырының реконструкциясы жалғасып жатыр. Құрылысшылар осы жылы тартуға жоспарланған 1,2 километр желінің 700 метр құбырларын төседі. Мердігерлер жұмыстың қалған көлемін қыркүйек айының соңына дейін аяқтауға уәде берді. Әбілқайыр Сқақов участоктегі жұмысшылардың санын көбейтуді тапсырды. Қазір бұл жерде 13 адам жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек, аймақ басшысы Толстой көшесінен Луначарский көшесіне дейінгі аралықта қайта төселген асфальт жабындының сапасын сынға алып, кемшіліктерді жоюды тапсырды.

 

«Сарыарқа» шағын ауданында Әбілқайыр Сқақов төрт тоғыз қабатты үйдің құрылысымен танысты. Олардың екеуін осы айда, қалған екеуін қыркүйекте тапсыру жоспарланған. Қазіргі кезде жаңа үйлердің аулаларын абаттандыру мәселесі тұр. Бұл жұмыстар үйлерді тапсыру  мерзімдеріне сәйкес келмейді. Аймақ басшысы болашақта тұрғын үй құрылысын жобалау кезінде мұндай олқылықтарға жол бермеуді талап етті.   

 

- Үйді тапсыру мен аулалардың аумағын абаттандыру бір уақытта жүргізілуі қажет, - деп атап өтті ол. – Ол үшін бюджетті дұрыс жоспарлау қажет. Басқа да күрделі мәселе – инженерлік инфрақұрылымды тарту. «Достық» шағын ауданындағы үйлерде жылудың болмауы үйдің ішкі жайларына теріс әсер етті. Тұрғын үй құрылысы саласында біз «бәрі дайын» жүйесіне көшуіміз қажет.

 

Кривенко көшесінде әкім №31 жылу магистралінің реконструкциясын тексерді. Тозығы жеткен құбырлар қызмет мерзімі 50 жылды құрайтын заманауи желілерге ауыстырылады. Мердігер нысанды 10-шы қыркүйекке дейін тапсыруға уәде берді. Жаңғырту жұмыстары №31 ЖМ-ің жылу қуаттылығын 30Гкал-ге дейін ұлғайтады. Бұл өз кезегінде жылу магистраліне жаңа тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді.

 

Әбілқайыр Сқақовқа Химқалашықтағы кіре берісті абаттандыру жоспарлары туралы да айтылды. Ұсынылған концепция бойынша айналма жолдың маңындағы көпқабатты үйлер безендіріліп, Баян батыр көшесінің бойында серуендеу аймақтары құрылады және Баян батыр ескерткішінің аумағы абаттандырылады.

 

- Халық қыдыратын аумақтарға келер болсақ, оларды урбанистиканың заманауи талаптарына сәйкес рәсімдеу қажет. Әрине, бұл жұмыстарды бір жылдың ішінде орындау мүмкін емес, сондықтан, бірнеше кезеңге бөліп атқаруға болады. Сондай-ақ, біздің жоспарларымызды қаланың қауымдастығымен талқылау қажет, - деп тапсырды Әбілқайыр Сқақов.

 

Облыс әкімі Астана көшесі, 7, ак. Сәтбаев көшесі, 32 және Торайғыров көшесі 59 мекенжайларындағы үйлердің ауласын қарап шықты. Тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша мұнда 3,6 мың шаршы метр алаң асфальтталып, тұрақ құрылатын болады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Ілияс Қанат