Әбілқайыр Сқақов Баянауыл ауданына жұмыс сапарымен барды

Әбілқайыр Сқақов Баянауыл ауданына жұмыс сапарымен барды

Павлодар облысының әкімі COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қарқынымен танысып, аудан ардагерлерінің тілектерін тыңдады.

 

Аймақ басшысы Торайғыр ауылындағы вакцинация пунктіне барды. Қазіргі таңда мұнда 320 ауыл тұрғынының ішінен вакцинациялау ұсынылған 140 адам екпе алған. Жалпы, аудан бойынша вакцинаның бірінші компонентін 5,4 мың адам салдырса, екінші компонентті 4,3 мың аудан тұрғыны салдырған. Бұл көрсеткіш облыстың қалалары мен аудандарының арасында егу кампаниясының ең төменгі деңгейінде.

 

- Дәл қазіргі кезде (2 тамыз – ескерту) аудандық аурухананың базасында 20 жатын орынға арналған инфекциялық госпиталь аштық, - деді Баянауыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Серікжан Арынов. – Қазірдің өзінде 3 адам стационарда емделіп жатыр. Олардың барлығы коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған тұрғындар.

  

Өңір бойынша COVID-19 симптомдарымен ауруханаға жатқызылғандардың 90 пайызы вакцина салдырмаған. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұл туралы аудан тұрғындарына хабарлап, вакцинация – коронавирустық инфекцияға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырудың жалғыз тиімді жолы екендігін атап өтті.

 

Аудан орталығында аймақ басшысы ақсақалдармен кездесті. Сұхбат барысында ардагерлер баянауылдықтарды толғандыратын мәселелелерді көтерді. Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Мұрат Рахметов аудандағы туризмнің екінші қыры туралы айтты. Оның айтуынша Жасыбай көліндегі қырықтан астам демалыс үйлері тұрмыстық қажеттіліктеріне курорттық суқойманы толықтыратын жер асты суларын пайдаланады. Егер, болашақта кәріз құбырларын тарту мәселесі шешілмесе, Жасыбай көлі лайланып, тайыздануы мүмкін.

 

- Бұл жерде мәселе тек қаржыға тірелмейді, бар гәп біздің құрылысшылардың мұндай жұмыстарды орындауға әзірлігіне байланысты, - деп жауап берді аймақ басшысы. – Торайғыр ауылында су құбырын тартқан кезде жобалаушылар жартасты топырақтың ерекшелігін ескермеді. Нәтижесінде қазір үйлерді су жүйесіне қосуда қиындылықтар бар. Жасыбай мен Баянауыл ауылында кәріз жүйесін тарту үшін нақты жобалық шешім таңдау қажет.      

 

Қаратомар ауылының тұрғыны, мемлекеттік қызмет ардагері Әнуарбек Кісентаев Жаңатілек–Қарашат автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтауды сұрады. Педагогикалық еңбек ардагері Нескен Мәлікова Қаныш Сәтбаев ауылындағы мәдениет үйіне жаңарту қажет екендігін айтты. Жолдың жөнделуіне байланысты сауалға Әбілқайыр Сқақов барлық басталған жобалар соңына жеткізіледі және асфальт жабындысы келесі жылы толық төселеді деп уәде берді. Мәдениет үйіне қатысты жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Облыс әкімі аудан атқамінерлеріне өтінім әзірлеп, оны облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынуды тапсырды. Әбілқайыр Сқақов ақсақалдарға аудан өміріне белсенді араласқаны үшін алғысын айтып, олардың өтініштері мен ұсыныстарын бақылауға алуға сөз берді.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

2021 жылғы 2 тамыз