Әбілқайыр Сқақов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Әбілқайыр Сқақов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Павлодар облысы тұрғындарының өтініштері негізінен тұрғын үй, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты. Алайда, соңғы кезде облыс басшысының қабылдауына аймақ экономикасының жекелеген салаларының дамуына үлес қоса алатын іскерлік ұсыныстары бар кәсіпкерлер де жазылады.

 

Мәселен, 15 шілде күні Әбілқайыр Сқақов Қазақстан мен Ресейдің құрылыс компаниялары консорциумының өкілдерімен кездесті. Олар аймақтағы өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында ынтымақтастық құруды ұсынды. Олардың қызметтеріне негізгі тапсырыс беруші – ресейлік компаниялар. Қазақстанда консорциум мамандары қазірдің өзінде елдің солтүстігі мен шығысында жұмыс істеп жатыр.

 

- Біздің негізгі қызметіміз – жаңа құрылыс аумақтарын тазартып, тұрғын және өндірістік ғимараттарды демонтаждау, өндірістік алаңдарды ластанудан тазарту, ​​- деді компаниялар тобының өкілі Антон Мезенин. - Біз демонтаж жүргізу, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу, аумақтардың санациясы мен рекультивациясын өткізудің бірегей технологиясын ұсынамыз. Біздің жабдық ірі конструкицяларды бөлшектеуге мүмкіндік береді, құрылысы аяқталмаған ғимараттарды тез және қауіпсіз түрде бұза аламыз. Демонтаж өткізгеннен кейін біз барлық қалдықтарды қайта өңдеуге дайынбыз.

 

Павлодар облысының әкімі кәсіпкер өткізген презентация үшін алғысын білдіріп, бейінді басқармаларға консорциум мен мүдделі компаниялар өкілдерінің кездесуін ұйымдастыруды тапсырды.

 

Павлодар облысы әкімінің қабылдауына мына нөмірлер бойынша жазылуға болады: +7 (7182) 66-39-96, 65-10-50, WhatsApp мессенджері арқылы+7 702 1 661 661.  

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Валерий Бугаевтың суреті