Павлодар облысында БАҚ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Павлодар облысында БАҚ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

28 маусымда елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аталып өтеді. Кәсіби мерекеге орай журналистерге, техникалық қызметкерлерге, баспасөз қызметкерлеріне және сала ардагерлеріне ведомстволық және облыстық марапаттар табыс етілді. Марапаттау рәсіміне Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысты. Ол БАҚ қызметкерлерінің еңбегі ерекше құрметке лайық екенін атап өтті.

 

- Сіздер үшін демалыс немесе түскі үзіліс жоқ. Сіз әртүрлі жанрдағы мақалаларды, сюжеттерді және басқа материалдарды дайындау, редакциялау, түзету барысында үнемі ізденісте жүресіз. Шығармашылықтың адамдары бола тұра, сіз әлеуметтік маңызды мәселелерге келгенде шабыттың келгенін күтіп қалмайсыз. Өз жерлестеріңіздің, туған қалаңыздың, өлке мен еліміздің тағдырына алаң боласыз. Қай мәселе болмасын бей-жай қалмайтындарыңыз көпшілікке үлгі. Сіздердің табандылығыңыз, талаптарыңыз, көтеретін мәселелеріңіз – жоғары кәсіби шеберліктің үлгісі, - деді аймақ басшысы БАҚ өкілдеріне.

 

Салтанатты жағдайда БАҚ қызметкерлеріне марапаттар табысталды. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Фарида Бықай мен облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің шолушысы Владимир Бугаев «Еңбек ардагері» медалін алды. Журналистика ардагері Юрий Поминов Қазақстан Журналистер одағының алтын медалімен марапатталды. «Хабар 24» республикалық телеарнасының тілшісі Қарлығаш Қасиетова, «Ирбис» телеарнасының бас редакторы Тимофей Голев, «Halyq radiosy» тілшісі Шынар Маденова, облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Владимир Долгушев, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бөлім басшысы Айгүл Алина және облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің редакциялаушысы Валерий Бугаевқа «Ақпарат саласық үздігі» белгісі тапсырылды. Сонымен қатар, 40-тан астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері гранттарға, құрмет грамоталарына және облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды.

 

- Журналистика ұғымының әр түрлі анықтамалары бар, - деді сала ардагері Юрий Поминов жиналғандар алдында.- Менің пайымдауымша, журналистика – заман тарихын жазу және оның шынайы жағдайы жайында хабардар ету миссиясы. Мен барлық әріптестерімізге өздерінің жоғары миссияларын орындауда биіктерден көрінулеріне тілектеспін.

 

Біз БАҚ қызметкерлерін құттықтай отырып, барлықтарына зор денсаулық, амандық және сәттілік тілейміз.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Валерий Бугаевтің суреті