Павлодар облысында медицина қызметкерлері марапатталды

Павлодар облысында медицина қызметкерлері марапатталды
Достық үйінде өткен салтанатты жиналыс барысында дәрігерлер марапатталды. Кездесу коронавирустың құрбаны болған медицина қызметкерлерін бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды.
Медицина қызметкерлері күні – бүкіл адамзат үшін маңызды күндердің бірі деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
- Біздің арамызда сіздердің көмектеріңізге жүгінбеген адам жоқ. Сіздер адам өмірін, денсаулығын сақтау үшін құрбан етуге әзір жансыздар. Адамдарға көмек беру үшін терең білім мен дәлелденген дағдылар иесі болу жеткіліксіз. Бұларға жауапкершілік, сезімталдық және риясыздық қажет. Бүгін сіздер қызметтік міндеттеріңізді орындап, мойндарыңызға сол үлкен жауапкершілік жүгін арқалап келесіз – пандемия жалғасып жатыр. Сіздердің денсаулықтарыңызға күн сайын қауіп төніп тұрғанына қарамастан, отандастарыңызды өлімнен арашалап алып қалып жүрсіздер,- деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі мереке күнін қызмет орындарында өткізіп жатқан дәрігерлерді де атап өтіп, ерекше алғысын білдірді. Ол 2,6 мың дәрігер мен 6,7 мың медициналық орта қызметкерлерінің әрқайсысы аймақтық медицинадағы жетістіктерге тікелей үлес қосқанын баса айтты.
Мерекеге орай Павлодар облысының денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері марапатталды. 40-қа жуық адамға «Еңбек ардагері» медалі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері, өңірлік «Аймақ алдындағы қызметі үшін» медалі, құрмет грамоталары мен облыс әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.
Сондай-ақ, салтанатты басқосу барысында Павлодар облысында 2012 жылдан бері құрылған арнайы номинациялар бойынша сыйлықтар табысталды. «Алтын скальпель» сыйлығын Павлодар облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі Талғат Қасымбеков алды. «Өмір сыйлаған алтын қолдар» атағы Ақсу қалалық ауруханасының перзентхана бөлімінің меңгерушісі Елена Гущинаға берілді. «Алтын фонендоскоп» номинациясының жеңімпазы болып Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың гематология бөлімінің меңгерушісі Жаннұр Сейсенбекова атанды.
«Біздің аяулы дәрігер» байқауының қорытындылары бойынша №3 Павлодар емханасының хирургі Әмина Қабжамитова алғашқы медициналық-әлеуметтік көмектің үздік дәрігері атанды. Стационардың үздік дәрігері – Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың травматолог-ортопеді Даният Байдаулетов. «Жанқиярлық еңбегі үшін» жеке номинациясы бойынша облыстың бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Инна Гловацкая, штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Сергей Новичевский, сонымен қатар №1 Павлодар қалалық ауруханасының ұжымы мен облыстық кардиохирургияның кардиологтар бригадасы жігерлендірілді. Олардың жақсы үйлескен әрекеттерінің арқасында жүрегі екі рет тоқтаған көп балалы ана өлім аузынан алып қалу мүмкін болды.
Бұл күні тек медицина қызметкерлері ғана марапатталған жоқ. Железин ауданының жас тұрғыны, 3-сынып оқушысы Саян Рахманғұлов «Өмір жолындағы ерлік» номинациясы бойынша құрметке ие болып, планшет иесі атанды. Батыл бала суға батып бара жатқан төрт жасар қызға көмекке келген алғашқылардың бірі болды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Валерий Бугаевтің сүреті