
Хасар Хабылбеков 1986 жылы Павлодарда дүниеге келген. 2007 жылы ол Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын бітіріп, құқықтану маманы болды. 2014 жылы «инженер-технолог» мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдап, 2016 жылы осы ЖОО-да техника және технологиялар магистрі дәрежесіне қол жеткізді.
Еңбек жолын 2008 жылы Павлодарда «ДорРемСтрой ПВ» ЖШС-нің өндіріс шебері ретінде бастаған. 2009 жылы компанияның өндіріс жөніндегі директоры қызметін атқарды.
2012 жылы ол мемлекеттік қызметке тұрып, Павлодар облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жетекші маманы болды. Сол жылы Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы қызметіне ауысады. 2013 жылдан 2014 жылға дейін басқарманың өндіріс бөлімінің басшысы болды.
2014–2016 жылдар аралығында – Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің лицензиялау және сертификаттау бөлімінің бастығы. 2016–2017 жылдары – «KazStroyEngineering PV» ЖШС басқарды. 2017 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін ол Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспектор қызметін атқарды.
2017 жылдан 2018 жылға дейін – Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары. 2018 жылдан 2019 жылға дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болды. 2019 жылдан 2020 жылға дейін – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары. 2020 жылдың маусымынан 2021 жылдың наурызына дейін Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Соңғы тағайындалуына дейін ол Ақсу қаласы әкімі аппаратын басқарды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Валерий Бугаевтың суреті