Павлодар облысының мәдениет және өнер қайраткерлері марапатталды

Павлодар облысының мәдениет және өнер қайраткерлері марапатталды

Павлодарда Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері күніне орай шығармашылық кәсіп иелері марапатталды. Сонымен қатар, облыстық «Рухани қазына – 2021» онлайн-фестивалінің нәтижелері белгілі болды.

 

Облыстың қалалары мен аудандарында тұратын мәдениет және өнер саласының қызметкерлері шараға видеобайланыс арқылы қатысты. Қатысушылар алдында сөз  сөйлеген аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов олардың тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы ерекше рөлін атап өтті.

 

Бұл – сіздердің мерейлеріңізді асқақтататын күн. Қазақ елінің мəдени мұрасын сақтап, руханиятты жаңғыртып келе жатқан – өздеріңіз, - деді облыс әкімі. - Елдің болмысы, рухани күші мен ұлттың қуаты мәдениеттің күштілігіне тікелей байланысты. Сондықтан осы салада қызмет етіп жатқан әр адам қазақ елінің келбетін қалыптастырып, тарих, салт, өнердегі ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатыр. Бүгін арамызда Қазақстан мәдениетін тек өз аймағымызға ғана  емес, әлемдік деңгейде дәріптеп жатқан жас таланттар өсіп келеді. Сіздердің баға жетпес еңбектеріңіз бен кәсіби білігіңіз үшін көп рахмет!

        

Кәсіби мерекенің құрметіне мәдениет және өнер саласының қызметкерлері ведомстволық және аймақтық марапаттарға ие болды. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен кітапханалық істің ардагері Қайырманат Батталова, джаз оркестрінің көркем жетекшісі Виктор Шейкин және «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі Асығат Тұрғанбек марапатталды.

 

«Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі Павлодар ауданы Ольгинка селосының мәдениет үйінің жетекшісі Пётр Пучёк, Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы директорының орынбасары Мағзыма Әбенова, Шарбақты ауылының мәдениет үйінің басшысы Зейнұрайын Дәуітов, «Шернияз» би коллективінің көркемдік жетекшісі Нұрлан Беков, Естай атындағы мәдениет сарайының балалармен жұмыс істеу бөлімінің меңгерушісі Ирина Теплова және Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының  әртістері Айсұлу Балтабаева мен Руслан Нығмановқа тапсырылды.

 

Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Айнагүл Жылқыбекова, Ақсу қалалық орталық кітапханасының библиографы Елена Щипунова, Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің әдіскері Күләш Шайдуллина, Успен ауданының Қоңырөзек кентінің мәдениет үйінің әдіскері Людмила Бакулина, Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының бөлім меңгерушісі Жанар Оспанова, Тереңкөл ауданы мәдениет үйінің дыбыс режиссеры Екуб Джабинов және Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылының мәдениет үйінің меңгерушісі Сағынай Құрманбаева марапатталды.

 

Облыс әкімінің алғыс хатымен Ертіс ауданының Иса Байзақов ауылының мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Ырысты Айтымбетова, Ақсу қалалық С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының суретшісі Татьяна Тишакова, Железин ауданының Әлсейітов атындағы мәдениет үйінің хореографы Гүлмира Исағұлова, Омаров атындағы ұлттық музыкалық аспаптар оркестрінің әртісі Шынаргүл Әуелбаева, Ақтоғай ауданының Приреченск селолық клубтың ұйымдастырушысы Марина Беляева, С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Бақытжан Бұқашева, Майра Шамсутдинова атындағы мұражай бөлімінің меңгерушісі Ерлан Рахимов, «Томирис» үлгілі ансамблінің жетекшісі Алтынай Әділханова марапатталды.

 

Сондай-ақ, 30-дан астам өтініш түскен «Рухани Қазына-2021» аймақтық онлайн-фестивалінің жеңімпаздары аталып өтті. Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы үздік мемлекеттік музей деп танылды. «Мемлекеттік мұражайдың үздік қызметкері» номинациясы бойынша Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің маманы Тойжан Бейсембаева жеңімпаз атанды. Қарақала ауылының кітапханасы «Ең үздік кітапхана» жүлдесіне ие болды. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік кітапхана» номинациясы бойынша Павлодардың М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы марапатталды. Шарбақты орталық аудандық кітапхананың қызметкері Майгүл Тілеубердинова «Мемлекеттік кітапхананың үздік қызметкері» атанды. Екібастұздағы «Атамұра» мәдени орталығы үздік мәдениет үйі болып танылды. Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылының өкілі Самат Абжанов «Мәдениет үйінің үздік қызметкері» номинациясын жеңіп алды. «Қорлан» ансамблі «Үздік өнер ұжымы» атанды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Валерий Бугаевтың суреті