Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақсу қаласының жағдайын тексерді

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақсу қаласының жағдайын тексерді

60 жылдық мерейтой қарсаңында қаладағы мектептер жаңғыртылып, жаяу жүргіншілерге арналған негізгі аумақтар ретке келтіріліп, кварталішілік аумақтар жабдықталып, мұз аренасының құрылысы басталады.

 

Облыс әкімі Ақсу қаласындағы 35 жыл бұрын салынған №8 орта мектепке барды. Осы білім ордасы және қала аумағындағы Шүлембаев ауылының мектебін биыл «Заманауи мектеп» бағдарламасына еніп, күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін тек жабдықталып қана қоймай, аумақтары да абаттандырылмақ. Жалпы алғанда, қаланың 11 мектебі жөнделеді.

 

- Мектеп аумағы қоғамдық орынға айналуы тиіс. Егер жақын маңдағы үйлердің тұрғындары осында демалуға, серуен құрып, спортпен айналысуға мүмкіндік алса, мектептің әлеуеті жаңаша ашылады, - деді облыс әкімі.

 

Сонымен қатар ол Астана мен Әуезов көшелерінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру жоспарларымен танысты. Жалпы, қаланың 26 мың шаршы метр аумағы жабдықталмақ болса, жоспар бойынша оның 15 мыңына ағаштар мен бұталар отырғызылады. Сонымен қатар, Ақсудағы үй аулаларын түрлендіру жұмыстары жүріп жатыр. Мысалы, Астана көшесіндегі N41, N45 және N47 үйлердің алдында балалардың ойын алаңына резина ұнтақтарынан жасалған жабынды орнатып, жанында серуендеу алаңын ұйымдастыру көзделіп отыр. Жергілікті тұрғындар мұнда шағын футбол алаңын пайда болуын тілейді.

 

- Біздің аулада жасөспірім балаларымызды қызықтыратын түк жоқ. Біздің өте кең кварталішілік аумағымызда балалар алаңын да, футбол алаңын да орналастыра алатын жер жеткілікті, - деп қала тұрғындары облыс әкіміне жүгінді.

 

Әбілқайыр Сқақов Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаевқа аула тұрғындарын абаттандыру жобасымен таныстырып, мүмкіндігінше құжатқа тұрғындардың тілектерін енгізуді тапсырды.

 

Аймақ басшысы мұз аренасының құрылысы басталған жерге де барды. Мердігер өкілінің айтуынша, спорттық нысанның іргетасы бетоннан, ал ғимараттың өзі металл құрылымдардан жасалмақ.

 

- Құрылысқа деген қаражат облыстық бюджеттен бөлінеді. Биыл қарқынды күшейтіп, жұмыс көлемінің барынша көп бөлігін аяқтауға тырысу керек. Бұл Ақсу үшін өте маңызды нысан, - деді облыс әкімі.

 

Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов N2 жатақхананың құрылысымен танысып шықты. Бүгін нысанда әрлеу және ішкі есіктер мен едендерді орнату жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, мердігер іргелес аумақты ретке келтіреді. Облыс әкімі екі бес қабатты үйді қабылдау кезінде құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын пәтер-пәтерді аралап жеке тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов шағын аудандағы жеке тұрғын үй құрылысы ретінде берілген жер үйлерінің құрылыс сапасын сынға алып, құрылысшыларға кемшіліктерді жоятын мерзім берді. Облыс әкімі Жанат Шуұғаевқа Ақсуда  тұрғын үйлердің пайдалануға берілу барысын жеке бақылауды тапсырды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі