Ұлттық статистика бюросының Павлодар облыстық департаментінің басшылығына Жақан Жәкенов тағайындалды

Ұлттық статистика бюросының Павлодар облыстық департаментінің басшылығына Жақан Жәкенов тағайындалды

Осы тағайындалуына дейін Жақан Жәкенов 10 жыл департамент басшысының орынбасары болып қызмет етті. Статистика департаментінің жаңа басшысын аппарат мәжілісінде аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды.

Жақан Жәкенов 1967 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірді.

Еңбек жолын 17 жасында Екібастұздың аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде (АМШБ) слесарь болып бастаған. 1985–1987 жылдары ол әскери қызметте болып, кейін АМШБ-ға оралды. Келесі жұмыс орнында – Екібастұздың Байет ауылдық округі әкімдігінде аудармашы ретінде қызмет етті (1994–1995). 1996 жылы Жақан Жәкенов Екібастұз электр желісіне жұмысқа тұрып, онда жетекші маман болды. 6 жыл бойы (1997 жылдан 2003 жылға дейін) Байтемір шаруа қожалығын басқарды.

2003–2010 жылдар аралығында ол Екібастұз қаласының статистика басқармасындағы жұмысын жетекші маманы қызметінен бастап, басқарма басшылығына дейін өсті. 2010 жылдан 2020 жылға дейін Павлодар облысы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары болды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Валерий Бугаевтың суреті