Облыс тұрғындары спорттық ойындарды танымал етуден бастап, Павлодар облысының дерматовенерологиялық қызметіне кадрлар даярлауға дейін әр түрлі салаларды дамыту бойынша ұсыныстар жасады.
Дерматовенерология мамандығы бойынша оқуға арналған аймақтық гранттардың жоқтығына облыстың денсаулық сақтау жүйесінің ардагері Валентина Айтқұлова алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, өңірдегі осы саланың кадрлық әлеует сарқылып, қызмет жас мамандармен толықтырылмай келеді. Осы мамандық иесі болам деушілерге жергілікті гранттар бөлінсе, сала одан әрі дами түсер еді.
- Бүгінде осы мамандық бойынша жұмыс істеуге ниет білдірушілер баршылық, алайда олардың кәсіби даярлығын қаржыландыру мәселесі де бар, - деді Валентина Айтқұлова.- Сондықтан көптеген жастар оқуға грант бөлінетін басқа медициналық бағыттарды таңдайды. Егер болашақта біз дерматовенерологтардың жетіспеушілігіне тап болғымыз келмесе, бұл проблеманы шешу қажет.
Облыс әкімі бұл мәселенің міндетті түрде қаралатынына сендірді. Аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасы мен басқа да құзыретті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді. Кездесулер барысында көтерілген басқа мәселелер бойынша да нұсқаулар берілді.
Павлодар облысының әкімімен кездесуге +7 (7182) 66 39 96, 65 10 50 және +7 702 1 661 661 (WhatsApp) нөмірлері арқылы хабарласып, жазылуға болады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев