
Үшжақты құжат жақындағы үш жылға есептелген және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік мәселелерін шешуге ықпал ететін болады.
Келісімге 9 сәуірде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Динара Шаймұратова, облыстық кәсіби орталықтың басшысы Динара Нұржанова және Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясының атқарушы директоры Валентина Бреусова қол қойды. Тараптар экономикалық және әлеуметтік саясаттағы әлеуметтік әріптестік пен ынтымақтастық, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, лайықты жағдайлар жасау және еңбекақы төлеу туралы келісті. Жақын айлар ішінде қол қойылған Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді, оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия бекітетін болады.
Дәл сол күні әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жұмыс кездесуі бейнеконференцбайланыс режимінде өтті. Отырысқа қатысушылар бірнеше мәселелерді, соның ішінде "Қазақстан алюминийі" АҚ-да өндірістік жарақаттанудың алдын алу, "Богатырь Көмір" ЖШС-да жалақы төлеу жағдайы талқылады.
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы