
Облыс әкімі қаланың қазылып, су басқан жол учаскелерін аралап, саябақтардан, аулалардан және жер үйлері маңын қардан тазалау жұмыстарының барысын тексерді.
Әбілқайыр Сқақов алдымен қаланың орталық жағалауының ескі бөлігіне барды. Ол қар үйінділеріне назар аударып, жағалаудағы серуендеу аймағының бір деңгейінен екіншісіне өтуге арналған баспалдақтардың нашар тазаланбағанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі «Балалық шақ» саябағын (бұрынғы Ленпарк) күтіп ұстау жағдайын қанағаттанарлықсыз деп бағалады.
— Бұл шағын саябақтың өзінде екі жаяу жүргінші жолдың тек біреуі тазаланған, - деді ол.
Аймақ басшысы коммуникациялар мен жол қызметтерінің жұмыстарындағы ақаулықтарға да наразылық білдірді. Ол қала аумағындағы желілерде өткізілген жөндеу жұмыстарынан кейін жаяу жолаушылар үшін жағдай жасалмайтынын айтып, жуырда инженерлік коммуникациялар жөнделіп, су құбырлары тартылған Ә.Бөкейхан және Академик Шокин көшелеріндегі жағдайды мысалға келтірді.
— Учаскедегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жаяу жолаушылар жолы тиісті жағдайға неге келтірілмеген? - деп сұрады Ә.Сқақов, Академик Шокин көшесіндегі нөмірі 31 үйдің жанындағы жаяу жүргіншілер жолымен жүріп бара жатып, - Бұл тұрғындардың жиі пайдаланатын жолы, адамдар болса, басқа жол іздеп, осы тұсты айналып өтуге мәжбүр.
Нуркин мен Теплов, Щедрин және Целинная көшелерінің қиылыстарында облыс әкіміне еріген судан тазалау жұмыстарының барысы жөнінде баяндама жасалды. Қалада 10 ассенизаторлық машина жұмыс істеп жатыр. Кейбір жағдайларда жолды құрғату үшін арнайы техника бірнеше рейс жасайды.
— Бұл көшелердегі қардың дер кезінде шығарылмағандықтың салдары, - деді аймақ басшысы, - Жолдарды судан жылдам құрғату керек.
Қар тазалау жұмыстарының әлсіз жүргізілгендігі туралы «Екінші Павлодар» түрғындары да айтты. Ростовская көшесіндегі жеке үй иелерінің бірі осы аумақта қар жинау техникасын биыл бір-ақ рет көргенін айтты. Бұл жердегі қар үйінділері ерігеннен кейін аулаларды су басуы ықтимал. Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі N40 үйдің ауласында да дәл осындай жағдай. Әбілқайыр Сқақов жекеменшік үйлер секторлары мен көп қабатты үйлердің аулаларынан қардан белсенді түрде тазартылып, бұл жұмыстардың жүргізілетіні жөнінде тұрғындардың алдын-ала ескертілуін тапсырды.
Әкім «Дачный» шағын ауданындағы Камзин көшесі бойындағы еріген судың әсерінен асфальтбетон жабыны ойылған жерге барды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде төтенше жағдай қаупі туралы шағымдар жарияланған.
— Бұл жер әлі күнге дейін неге қоршалмаған? - деп сұрады аймақ басшысы, - Түнде бұл ойыққа адам да, көлік те құлап кетуі мүмкін. Мұнда тез арада қоршау орнатыңыз.
Гагарин саябағын аралаған әкім қала бақшаларының көпшілігінде абаттандыруға болатын бос алаңдар бар екенін еске салып, осы мәселені алдағы маусымда өткізілетін жұмыстар барысында ескеруді тапсырды.
— Ағаштар тек қоғамдық бақтарда ғана емес, аулаларда, қала көшелерінің бойында да отырғызылуы керек. Саябақтар мәселесіне оралар болсақ, қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіңіз: біздің жасыл алқаптарда не жетіспейді, оларды қалайша жақсартса болады? Сауалнама нәтижелері сарапталғаннан кейін әр саябақты жақсартуды бөлек жоспарлауға болады.
Көрген жағдайларды қорытындылай келе, Әбілқайыр Сқақов қала басшылығы мен коммуналдық қызметтердің алдында үлкен жұмыс тұрғанын айтты. Ол қыста болған авариялар салдарын жою барысында жөндеу жүргізілген жерлерді қалпына келтіріп, қала көшелеріне жамау салудың алдын ала кестесін құруды тапсырды. Әкім атап өткендей, жолды қалпына келтіру жұмыстарын тиімді әрі жылдам өткізу үшін облыстағы барлық жөндеу қызметтері жұмылдырылуы керек.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Валерий Бугаевтың суреті