
Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама 2019 жылы басталған болатын. Екі жыл бойы Павлодар облысында оны іске асыруға қажетті қаржы негізінен жобалау-сметалық құжаттаманың дайындығына байланысты бөлініп келді.
⠀
– Көп жағдайда қаржыландырудың ЖСҚ дайындау мерзіміне байланысты болуының себебі субъективті, іс жүзінде барлығы әкімдіктің жеделдігіне байланысты. Нәтижесінде мәселен, ірі бір ауыл тұрғындары ештеңе түсінбей жұреді - көрші, халық саны аз ауылда абаттандыру жүріп жатады екен, ал оларда жоқ, – деді жұмыс кеңесінде өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов.
⠀
Енді 300-ден астам адам тұратын және әлеуметтік нысандар – мектептер, медициналық, спорттық және мәдени мекемелер бар елді мекендерге басымдық беру туралы шешім қабылданды. Жобаларды қаржыландыруға да көзқарас өзгереді.
⠀
- Ауылдың жолдары мен әлеуметтік нысандарын салу және жөндеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады, - деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук. –Абаттандыру және жарықтандыру жобаларына қаражат облыстық бюджеттен бөлінсе, ал аудандық бюджет есебінен спорт және балалар алаңдарын орнату ұсынылды.
⠀
Егер соңғы екі жылда" Ауыл – ел бесігі " бойынша 20 ауылдық елді мекенде кешенді абаттандыру жүргізілсе, биыл мемлекеттік бағдарламаға 23 ауылды қосу жоспарланып отыр. Жалпы, 2026 жылға дейін Павлодар облысында 108 ауылдың инфрақұрылымын ретке келтіру жоспарланып отыр.
⠀
Сонымен қатар, өңір басшысы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасын іске асыруды белгілі бір бөлігі ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған "Еңбек" және "Нұрлы жол" сияқты бағдарламалармен үйлестіруді тапсырды.
⠀
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі