Май ауданында 28 отбасы қоныс тойын тойлады

Май ауданында 28 отбасы қоныс тойын тойлады

Көктөбе ауылында ұзақ уақыт бойы жөндеу жүргізілмеген жатақхананы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша қайта жөңдеу туралы өткен жылы шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде толық емес және көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, I және II топтағы мүгедектер және басқа да кезекте тұрған - 28 адамға пәтер берілді.

 

Пәтер алғандардың қатарында сегіз жылға жуық тұрғын үй кезегінде тұрған Максим Перстнев те болды.

 

- Бүгін менің отбасымның өміріндегі ең бақытты күн. Мен өз кезегімді ұзақ күттім, енді отбасыммен бірге өз пәтерімде тұратынымызға әлі де сенбеймін. Болашақта біз оны қалдық құны бойынша жекешелендіре алатынымыз қуантады, - деп бөлісті ол.            

 

Кілттерді табыстау кезінде Май ауданының әкімі Марат Ақтаев ауылдастарын қоныс тойымен, көктемнің басталуымен және Алғыс айту күнімен құттықтады. Оның айтуынша, ескі жатақхананы қайта жөңдеу арқасында ауданда тұрғын үй кезегі 16%-ға қысқарды. Осыған дейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға 63 адам дәмелі болса, қазір 137 ауыл тұрғыны кезекте тұр.

 

- Тұрғын үй мәселесі қашанда өзекті. Түрлі тиімді бағдарламалардың арқасында мемлекет азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсартып жатыр, - деді аудан басшысы.

 

2021 жылы Май ауданында бірден 15 төрт пәтерлі үй салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жаңа тұрғын үй салуға бюджеттен қаржы қарастырылып жатыр.

 

Павлодар облысы Май ауданының әкімдігі