
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған жалпыұлттық жобаға қатысуға өңірдің барлық тұрғындарын шақырылады.
Елдегі «Қайырымды істер марафоны» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында жарияланып отыр. Бүгін оған Павлодар облысы қосылды. Өңірдің бірыңғай шаралар кестесіне жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің барлық қайырымдылық акциялары кіреді.
- Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Қайырымды істер марафоны» түрлі сала мен облысымыздың түкпір-түкпірінен келген адамдардың басын қосатынына сенімдімін. Басталған игі істер біздің қолдауымызды қажет ететін қазақстандықтарға міндетті түрде көмектеседі деп ойлаймын. Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатыр және осындай игі шараны ұйымдастыру - мерейтойды атап өтудің ең жақсы тәсілі. Өйткені, игі істер, бірлік пен келісім – тәуелсіз Қазақстан мен оның азаматтарының басты құндылығы, - деді өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов жобаны іске асыру жөніндегі ұйымдастырушылық кездесу барысында.
«Қайырымдылық істер марафонына» облыстың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысады. Мысалы, «Қазақстан алюминийі» АҚ-да жалпыұлттық жоба аясында өздерінің дәстүрлі «Наурыз – игі істер айы» акциясын бастады. Өнеркәсіпшілердің тағы бір жобасы Павлодарда ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыс істей алатын әлеуметтік ағаш цехының ашылуы болды.
Өңір ауылдарында меценаттық қозғалысқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қосылып жатыр. Мысалы, Ақтоғай ауданында кәсіпкерлер жергілікті балалар хоккей командасының материалдық шығындарын өз мойнына алды.
- Өткен жылы аудан орталығында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жабық хоккей корты салынды. Онда балалар спортпен шұғылдана алады, коньки теуіп, хоккей ойнай алады. Бізде жақсы команда құрып, Ақтоғай хоккейінің бұрынғы даңқын қалпына келтіреміз деп ойлаймын. Алдымен біз хоккей формасының толық жиынтығын сатып аламыз. Әріптестерімді Қазақстан Президентінің бастамасын қолдауға, ал барлық павлодарлықтарды жақсылық жасауға шақырғым келеді, - деп атап өтті «Ақтоғай Агро» ЖШС басшысы Александр Терентьев.
Қоғам белсенділері де өз жоспарларымен бөлісті. «Ertis Runners» жүгіру клубының негізін қалаушы Дихан Аманжолов Павлодарда елдің басқа өңірлері мен таяу шетелден келген әуесқой жүгіру сайысын өткізу ниеті туралы айтып берді. Бастамашылар осы марафоннан қаражаттың қомақты бөлігін қайырымдылыққа жібермек. Қазір әуесқой спортшылар жүгіру жаттығуларын тегін өткііп жатыр. Жүгірумен айналысқысы келетіндерді ұйымдастырушылар әр жексенбі сайын сағат 09:00-де Павлодардағы Лермонтов көшесі, 44 мекенжайында күтеді.
«Қайырымды істер марафоны» жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді, музыкалық аспаптарда ойнау бойынша шеберлік сабақтар өткізуді және спорттың әртүрі бойынша жаттығулар өткізуді, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін курстар ұйымдастыруды, балаларды көркем өнерге оқытуды және т.б. көздейді. Ұйымдастырушылардың есептеуінше, өңірде жалпыұлттық жобаға кем дегенде 400 мың адам қатысады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев