
Болат Бақауов Жеке тұрғын үйлер құрылысына арналған микроауданда болашақ үйлер фундаменттерінің тереңдігінің жеткіліксіздігіне ерекше мән берді. Жеке салушылар жұмыс істейтін кейбір аймақтарда іргетас тереңдігі бір метрден де аспайды. Аймақ басшысы айтып өткендей, Павлодар облысының климаттық жағдайларында бұл жеткіліксіз болып табылады, себебі қыс уақытында жер қатып қалуы мүмкін.


– Бұл үйлер әрдайым дымқыл болып тұрады, – деді ол. – Сақталуы тиіс арнайы ҚНмЕ-лер бар. Егер ертеңгі күні бұл үйлерде бір мәселелер шығатын болса, ол үйлерді иелерінің өздері салғандарына қарамастан, әкімдікке шағымданады. ЖТҮҚ бойынша жұмыстар бақылануы тиіс, оны қоя салуға болмайды.


Сонымен қатар әкім көп қабатты үйлердің құрылыс аймақтарына барып қайтты. Олардың біреуін ERG компаниясы өз қызметкерлері үшін салып жатыр. Үй Астана күніне дейін тапсырылады деген жоспар бар. Ал «ДСК Монтаж» ЖШС салып жатқан үйдің жағдайы мүлдем басқа. Банктен кепілдік алуға байланысты туындаған қиындықтар себебінен мердігер құрылыс жұмыстарына кеш кірісті. Бұл өз кезегінде 280 млн. теңгенің игерілмеуіне әкелді. Болат Бақауов құрылыс мерзімдері бұзылмайтын жағдайда мердігер ұйымдарға көмек беруге даярлығы жөнінде айтты.
