Павлодар облысы басқармаларының құрылымында қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

Павлодар облысы басқармаларының құрылымында қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне жетекшілік етеді. Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.

 

Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгерістер орын алды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысатын болады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды.

 

Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасатын болады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Kursiv.kz