
Желтоқсанның әр үшінші жексенбісi қазақстандықтар Энергетиктер күнін атап өтеді. Біздің облыс тұрғындары бұл мерекені жыл сайын күтеді, әрі оның орны бөлек. Елде өнідірілетін энергияның жартысына жуығы біздің аймаққа тиесілі, сондықтан Павлодар облысы – елдің энергетикалық орталығы. Әрине, бұл осы саладағы білікті мамандардың еңбегі.
Құрметті энергетика саласының мамандары мен ардагерлері! Қымбатты жерлестер!
Шын жүректен сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз болмаса, қазіргі заманауи әлемнің болуы мүмкін емес еді. Біздің өміріміздің ажырамас бөлігі саналатын энергия – сіздердің табжылмай істеген жұмыстарыңыздың нәтижесі. Өңірдің, тіпті өзге аймақтардың әр шаңырағына сiздер жарықпен бірге, жайлы өмір сыйлайсыздар. Бұдан бөлек, елдегі, өңірдегі сапалы өмірдің кепілі де – сіздер, өйткені елдегі өндіріс пен ауыл шаруашылық кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуі де сіздерге тікелей байланысты. Біздің жерлестер сіздер жасаған еңбектің мәні мен бағасын жақсы түсінетініне сенімдімін!
Құрметті энергетика саласының ардагерлері! Сіздер біздің аймақтағы энергетикалық ресурстардың көзін игеріп, саладағы алып кәсіпорындардың іргесі қаланып, дамуына ықпал еттіңіздер. Сіздерді тек павлодарлық емес, қазақстандық энергетиканың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын.
Зор денсаулық, отбасылық бақыт, істеріңізге сәттілік тілеймін!
Каждое третье воскресенье декабря казахстанцы отмечают День энергетика. В нашей области этот праздник особенно важен и ожидаем. Ведь на наш регион приходится почти половина всего производства электроэнергии в стране, что делает Павлодарскую область энергетическим центром Казахстана. Бесспорно, это прежде всего заслуга наших энергетиков — высококвалифицированных профессионалов отрасли.
Уважаемые работники и ветераны энергетической промышленности! Дорогие земляки!
От всей души поздравляю вас с профессиональным праздником!
Без вашего труда современный мир был бы просто невозможен. То, что является неотъемлемой частью нашей жизни, — это результат вашей кропотливой работы. Часто сами того не осознавая, вы создаете уют в каждом доме нашей области и далеко за ее пределами. Более того, именно вы обеспечиваете бесперебойную работу промышленных и сельскохозяйственных предприятий, от вас зависит качество жизни региона и всей страны. Уверен, наши земляки понимают значимость вашего труда, ценят его и гордятся вами!
Дорогие ветераны энергетики! Вы осваивали крупные месторождения энергетических ресурсов нашего региона, внесли вклад в строительство и рост крупных энергетических предприятий-флагманов отрасли. Благодарю вас за неравнодушие и участие в становлении и развитии павлодарской и казахстанской энергетики.
Желаю всем вам крепкого здоровья, семейного благополучия и успехов в вашем труде!