Поздравление акима Павлодарской области Абылкаира Скакова с Днём Независимости Республики Казахстан

Поздравление акима Павлодарской области Абылкаира Скакова с Днём Независимости Республики Казахстан

Құрметті жерлестер!
⠀
Сіздерді шын жүректен еліміздің басты ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

29 жыл бұрын әлем картасында мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен біртұтастығы айқындалып, осы күні халықаралық аренада еліміз өзінің мызғымас орнын тапты. Бұған Қазақстан өзінің ұстанған көпвекторлы саясаты, экономикадағы және билік институттарындағы жүйелі реформалары, және бастысы – азаматтарының қажырлы еңбегінің арқасында жетті. Қазақстандықтар әлемге қонақжайлығы, достық көңілі, бірлігі мен өзара келісімге бейімділігімен танылған. Дәл осы қасиеттер жыл сайын халқымыздың бойына терең дарып, ел егемендігінің ажырамас арқауына айналғаны сөзсіз.
⠀
Қазақстанымызға және әр азаматқа өркендеу тілеймін! Шаңырақтарыңызда, қадірлі жерлестер, бейбітшілік пен береке болсын! Ел байрағы әлемнің әр тұсында желбіреп, отандастарымыздың жетістіктері үшін кеудемізде мақтаныш сезімі үнемі керней берсін!
⠀
Мереке құтты болсын, ағайын!

 

Дорогие земляки!
⠀
От всей души поздравляю вас с главным национальным праздником нашей республики – Днем независимости!

29 лет назад на карте мира появилось суверенное и унитарное государство, занимающее сегодня прочные позиции на международной арене. Этим Казахстан обязан своей многовекторной политике, системным реформам в экономике и институтах власти, но прежде всего – своим гражданам. Казахстанцы известны трудолюбием, гостеприимством, единством и согласием. Именно эти качества крепнут в нас из года в год и являются незыблемой основой независимости нашей страны.
⠀
Желаю процветания нашему Казахстану и каждому его жителю! Пусть в ваших домах, уважаемые земляки, всегда царят мир и благополучие! Пусть флаг Казахстана продолжает высоко развеваться в разных уголках планеты, укрепляя наше чувство гордости за страну, ее людей и их достижения!
⠀
С праздником!

Фото: Strategy2050/Надежда Линникова