Қазақстан Президентінің қолы қойылған ордендер, медальдар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға дәрігерлер, қоғам белсенділері, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет және басқа да көптеген салалардың қызметкерлері ие болды. Марапаттау рәсімдері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бір мезгілде облыс әкімдігінде және өңірдің қалалары мен аудандарының әкімдіктерінде өтті.
Салтанатты кездесуге қатысушыларды құттықтау барысында өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысы өзінің еңбекқор және мақсатқа ұмтылған тұрғындарымен танымал екенін атап, осындай қиын кезеңде олардың жанкештілік пен табандылық танытқаны үшін алғыс айтты.
- Биылғы жыл оңай болмады. Ауыр тапсырмалар мен міндеттер тек денсаулық сақтау саласының алдында ғана тұрған жоқ. Мәдениет, мейлі ол өндіріс саласы болсын – барлық бағытта қиындықтармен бетпе-бет келдік. Бірақ біз, Павлодар облысының нағыз қайратты тұрғындары ретінде, індетке қарсы жұмыла әрекет жасап, бірлесіп білім мен біліктің күшін көрсеттік. Мен әрқайсыңызға алғыс айтып, денсаулық пен бақыт тілегім келеді, - деді Павлодар облысының әкімі.
«Құрмет» орденімен марапатталған Павлодар қаласының №3 қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Василий Павлов марапатын өзі жұмыс істейтін барлық ұжымның еңбегі деп санайтынын атап өтті.
- Мен еңбек жолымды 1991 жылы, егемендік алған жылы бастадым, менің ойымша, тәуелсіз Қазақстанның іргетасында менің де еңбегімнің бір бөлігі бар. Бүгінде барлық медицина қызметкерлері пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұр және олардың кәсібилігіне көп нәрсе байланысты. Біздің ұжым да павлодарлықтардың індеттен айығуы үшін бар күш-жігерін салып жатыр. Осы күнгі менің ең ізгі тілегім – бәріңізді бетперсіз әрі қолғапсыз көру, - деді дәрігер.
Салтанатты жиында «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағы иегерлерінің есімдері де белгілі болды. Мұндай құрмет өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан оны жеті адамға көрсетілді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев