Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдары өңірдің дамуына үлкен үлес қосып жатыр - Әбілқайыр Сқақов

Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдары өңірдің дамуына үлкен үлес қосып жатыр - Әбілқайыр Сқақов

Павлодар облысының әкімі мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау үшін өңірдің 70-тен астам үкіметтік емес ұйымдарының басшыларымен онлайн-кездесу өткізді.
​
Әбілқайыр Сқақов қоғамдағы өткір мәселелерді шешу мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара сауатты іс-қимылына байланысты екенін атап өтті.
​
- Бүгінде азаматтық сектор – қоғамды өзгертуге қабілетті қозғаушы күш. Біздің үкіметтік емес ұйымдар өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына үлкен үлес қосып отыр. Сіздердің көпшілігіңіз мердігерлік ұйымдардың жұмысына қоғамдық бақылау жүргізуге, «халық қатысатын бюджетті» қалыптастыруға атсалысып жүрсіздер,- деп атап өтті облыс әкімі.
​
Кездесуге қатысушылар мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы іс-қимыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру бағытында да ескерілуі тиіс екенін атап өтті. Бүгінде қоғам белсенділері негізінен әлеуметтік қорғау саласында табысты жұмыс істеп жатыр. Ал білім беру, өнер және мәдениет, азаматтардың денсаулығын қорғау және т.б. бағыттарда олар әрдайым қолдауға ие бола бермейді. Әбілқайыр Сқақов жергілікті әкімдер мен өңірлік басқарма басшыларына үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру үшін алдағы үш жылдық бюджетті қарастыруды тапсырды.
​
«ЭКОМ» бірлестігінің басшысы Светлана Могилюктің айтуынша, Павлодар облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс әлі де тиісті деңгейде жүргізілмейді. Кей олқылықтар лоттағы техникалық ерекшеліктердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты.
​
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға келетін болсақ. Жастарды мемлекеттік бағдарламалар, мысалы жұмыспен қамту жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы оқытса, олардың сауаты ашылып, мемлекеттік қызметті дұрыс пайдалану тетіктерін де игеріп алатын еді. Сауатты қоғамда жемқорлыққа орын болмайды, - деді әріптестеріне Светалана Могилюк.
​
​
Кездесуде тұрғындардың азаматтық секторды дамытудағы белсенділігі де талқыланды. «Жауқазын» қорының өкілі Қалимаш Баймұханова жергілікті жерлердегі бастамадан үлкен іс басталатынын еске салды. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде өзекті.
​
- Мен Ақсу ауылдық аймағына кіретін Сарышығанақ ауылында 1986 жылдан бері тұрамын, ал біздің бірлестік 1995 жылдан бастап жұмыс істейді. Мен және менің әріптестерім әрқашан біздің ауыл адамдарының жұмыспен қамтылуын қалап келдік, сондықтан қолымызда барды қолдандық. Осылайша сүт пен жүнді қайта өңдеу ісі пайда болды. Бүгінде біздің елді мекенде спорт және тілдерді дамыту саласындағы бастамалар белсенді. Айта кету керек, мұның бәрі халықтың қалауынсыз мүмкін емес. Бастама әр ауыл тұрғынынан болуы керек, нәтиже сол кезде болмақ,-деп атап өтті қоғам белсендісі.
​
Тұңғыш Президент күні қарсаңында павлодарлық қоғам белсенділері түрлі марапаттарға да ие болды. «Десента» қорының басшысы Сергей Гуляев пен «Жауқазын» қорының директоры Қалимаш Баймұхановаға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі берілді, «Эком» бірлестігінің төрағасы Светлана Могилюк, «Берегиня-Био» бірлестігінің басшысы Татьяна Пономарева және «Жебе» қорының басшысы Данияр Жұмаділовке Павлодар облысы әкімінің құрмет грамоталары табыс етілді.
​
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев