Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы
Құрметті жерлестер! 
 
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! 
 
 
Осыдан тура 29 жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өткен еді. Сол күні қазақстандықтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлау арқылы елде бейбіт өмір мен келісімді таңдады. Бұған тәуелсіз еліміздің тарихы куә. Осы жылдар арасында керегесі мықты, шайқалмайтын шаңырақ құрдық. Бір мүдде, бір мақсат астына біріккен қазақстандықтардың достығы ерекше. Татулық, бірлік деген ұғымдармен Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің есімі тығыз байланысты. Ол – елдің эконономикасын ғана нығайтып қоймай, түрлі мемлекеттік институттар мен өзге салалардың дамуын қатыптастырып, ел іргесін қалаған тұлға.
 
 
Барлық жерлестерімнің бір шаңырақ астында жайлы және бақытты ғұмыр кешуіне тілектеспін! Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті жерлестер! Мықты денсаулық, береке, байлық тілеймін.