
Павлодар облысынан Солтүстік Қазақстан облысына 110 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Су тасқынынан зардап шеккен петропавлдықтарға барлық өңірден азық-түлік, құрылыс материалдары және тағы басқа қажет заттар жиналынды.
Солтүстік Қазақстандық көршілерімізге көмек жинауға екі күн кетті. Көмек қолын созуға ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, қоғамшылдар және қарапайым павлодарлықтар келді.

– Негізінен, бұл жерде ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы, консервіленген ет, картоп сияқты азық-түлік жиналды, сонымен қатар тұрмыстық техника, киім-кешек, төсек-орын тыстары және құрылыс материалдары жиналды, – дейді Илья Теренченко. – Бәрі жап-жаңа. Ақшалай қаражат жиналған жоқ. Көмек жинау қала және аудан әкімдіктерінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың қолдауымен облыстық әкімдіктің бастамасы бойынша ұйымдастырылды.


8 үлкен жүк көліктерінен тұратын автокеруен қазақстандық-ресейлік шекара арқылы белгіленген межеге жіберілді. Петропавлда жүкті су тасқынынан зардап шеккендерге таратып береді.

– Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестеріміз ол өңірде бұрын-соңды бұндай аумақты су тасқынын көрмегендіктерін айтады, – дейді Павлодар облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Берковский. – Қазір біз жүздеген үйді су басқанын, адамдардың зардап шеккенін білеміз. Павлодар облысы тек қана қайырымдылық көмек көрсетіп қойған жоқ, сонымен бірге су тасқынының салдарын жою үшін біздің төтенше жағдай мамандары жұмыс жасап жатыр, біз ол жерге қажет техниканы жібердік, олар осы қиын жағдайдың шығу жолдарын тапқанша, сонда жұмыс істейді.